jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жаңажылдық шыршаны үйге орнатқанда нені ескеру керек: құтқарушылар кеңесі

    Жаңажылдық шырша
    Жаңажылдық шырша. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары үйге жаңажылдық шырша орнатқан кезде қандай қауіпсіздік шараларын есте ұстау керектігін жария етті, деп хабарлайды Kazinform.

    Жаңа жыл қарсаңында тұрғындардың дені өз үйін безендіретіні белгілі. Десе де бәрі бірдей шыршаны қалай қауіпсіз орнату керектігін біле бермейді.

    ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, шыршаны мақтадан, қағаздан және целлулоидтан жасалған ойыншықтармен безендірмеген абзал.

    Әрі шыршаның жанына майшам жағып қою – аса қауіпті. Сондай-ақ гирлянданы түнде немесе үйде ешкім жоқ уақытта қосулы күйде қалдыруға болмайды.

    "Шыршаны қауіпсіздігіне көзіңіз жетпеген құрылғылармен безендірмеуге кеңес береміз. Жанған кезде шыршадан өте улы заттар бөлінеді. Шырша жылыту құрылғыларынан алыс жерге орнатылуы қажет. Шыршадан келетін қауіптердің бірі – оның құлау мүмкіндігі. Сондықтан үйге кішкентай шыршаны таңдаған жөн. Ол неғұрлым биік болса, оны бекіту соғұрлым қиынға түседі", - делінген ақпаратта.

    Жаңажылдық шыршаны үйге орнатқанда нені ескеру керек: құтқарушылар кеңесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.