jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Республика күні тойланады: қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

    Қазақстандықтар
    Қазақстандықтар. Көрнекі сурет: HyperlapsePro/iStock/Getty Images Plus

    Биыл қазан айында қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтіп тұр. Еліміз ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандағы 2026 жылға арналған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, биыл қазан айында еліміздің тұрғындары 10 күн демалады. Қазақстандықтар 25 қазанда аталып өтетін Республика күніне байланысты қосымша демалыс алады.

    2026 жылы ұлттық мереке жексенбіге түсіп тұр. Заңға сәйкес, егер мереке сенбі немесе жексенбіге түссе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Осылайша, 2026 жылы аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 24 және 25 қазаннан бөлек, дүйсенбі, 26 қазанда да демалады.

    "Республика күні жексенбі 25 қазаннан дүйсенбі 26 қазанға ауыстырылады", - делінген күнтізбеде.

    Мереке тарихы

    Еске сала кетейік, Республика күні – еліміздегі жалғыз ұлттық мереке. Бұл күн 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануына орай атаулы ретінде белгіленіп отыр.

    Бұған дейін 2009 жылы Республика күні ресми мерекелер күнтізбесінен алып тасталғанын жазған болатынбыз. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымда өткен Ұлттық құрылтайда мерекені қайтаруды ұсынды.

    2022 жылдың қыркүйек айының ортасында Қазақстан парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер қабылдады. Құжатқа сәйкес, 13 жылдан кейін 25 қазан – Республика күні қайтадан ұлттық мереке мәртебесіне ие болды.

    Республика күні тойланады: қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram