Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро тағы да 500 теңгеге қымбаттады

Опубликовано:

Еуро1
Көрнекі фото: piqsels.com

Еліміздің айырбастау нүктелерінде евро 500 теңгеге дейін қымбаттады. Оған қарағанда долларды 419-422 теңгеге сатып алуға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, Қазақстанның оңтүстік астанасының айырбастау пунктерінде еуропалық валютаның құны өскен. Мәселен Алматыда еуроны 498-500 теңгеге сатып алуға болады, доллар мұнда 419-421 теңгеден сатылуда.

Курс кз1
Скриншот: kurs.kz

Нұр-Сұлтандағы валюта бағасы біршама арзан. Мұнда еуро құны 497,7-ден 499,5 теңгеге дейін, ал доллар 419,3-тен 419,7 теңгеге дейін өзгеруде.

Курс кз1
Скриншот: kurs.kz

Елдің үшінші мегаполисінің айырбастау пункттерінде бір долларды 419,5 теңгеге, еуроны 499-500 теңгеге сатып алуға болады.

Курс кз1
Скриншот: kurs.kz

KASE ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, доллар құны бір тәулікте аздап төмендеп, қазір 418 теңгеден сатылуда. Қазақстандық қор биржасында 18 тамызға қатысты еуро бағамы туралы ақпарат жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ валютасы 1,5 теңгеге қымбаттап, доллардың орташа бағамы 412,23 теңге болғанын жазған едік.

Сонымен қатар отандық экономистер коронавирустың екінші толқыны ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатына қалай әсер ететінін болжаған еді.

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының басшысы Рашид Жақсылықовтың сөзінше, егер екінші толқын болып, тағы да карантинге жабылатын болсақ, мұнай саласы ғана емес бүкіл экономика құлдырайды.

Ал экономист Мақсат Халықтың айтуынша, екінші толқын болса отандық экономика 1990 жылдары болған жағдайды бастан кешеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1870016-euro-tagy-da-500-tegege-kymbattady/