Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пенсияға қосып еді, бәрі қымбаттап шыға келді": Ақтөбеде азық-түлік бағасы өскен

Опубликовано:

Супермаркет1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде азық-түліктің бағасы шарықтап тұр. Әсіресе, қант, жұмыртқа, сұйық май едәуір қымбаттаған деп хабарлайды Астана арнасы.

Өңірдегі азық-түлік бағасының құбылуы, өткен жылдан басталған. Бір жыл ішінде қант 56 пайызға, қарақұмық 40 пайызға, күнбағыс майы 31 пайызға қымбаттапты.

"Пенсияға 7 пайыз қосып еді. Бәрі қымбаттап шыға келді. 2 есеге қымбаттады. Жұмыртқа деген 30 теңге еді, қазір 60-70 теңге біз жақта. Көкөніс бәрі қымбат. Былтыр картоп 60 теңге еді. Биыл 160 теңге", - дейді тұрғын.

Тағы бір тұрғын шемішке майының 5 литрі бұрын 2 мың теңге болса, қазір 3 мың теңгеден сатылып жатқанын айтады.

"Табысы аз 60-70 мың алатындарға қиын", - дейді ол.

Қымбатшылықты, арнайы мамандардың жүргізген талдау да растаған. Олардың зерттеуінше, азық-түліктің бағасы, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар желтоқсан айында 4 пайыздан - 12 пайызға дейін өсіп кеткен.    

"Желтоқсан айының аяғынан бастап 2020 жылдың қарашасымен салыстырғанда бағаның өсуі байқалады. Күнбағыс майы -12,3 пайызға, қант-4,6 пайызға, жұмыртқа 3,4 пайызға, рожки-1,4 пайызға, қарақұмық жарма 1,2 пайызға", - дейді Ұлттық статистикалық бюроның Ақтөбе облысы департаментінің басқарма басшысы Шара Нұрпейісова.

Ал жергілікті атқамінерлер қаладағы ірі сауда орындарымен бағаны тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойғандарын айтады. Олар азық-түлік бағасының өсуін өндірушілердің бағаны көтеруімен байланыстырып отыр.

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратовтың сөзінше, өңірде қант бойынша өндіріс жоқ. Елімізде тек өңірде Жамбыл мен Алматы облысында қант өндірледі. Алайда олардың өңдіру көлемі республиканы қамтуға келмейді дейді.

"Біз Ресейден, Белоруссиядан импорттаймыз. Қазір Ресей нарығы қорғау мақсатында экспорттағы мөлшерін шамалы көтерді. Өз бағаларын қымбаттатып, сол себепті көтеріп жатыр", - дейді ол.

Ал күнбағыс майы Ақтөбенің өзінде шығарылады. Атқамінерлер өндірушілердің делдалдар арқылы бағаны қолдан көтеріп жатқанын анықтаған. Бұған қатысты қазір тексеру жұмыстарын бастапты.

Бұзушылық фактілер анықталса, шаралар қабылданбақ.

Мамандар жұмыртқа өндірушілеріне қатысты да тексеру жұмыстары қолға алған. Кәсіпкерлердің бағаны қолдан көтеріп жатқаны анықталса, қомақты айыппұл арқалауы мүмкін.  

Б. Рахметова

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте азық-түлік бағасы қымбаттағанын, сонымен қатар еліміздің бірнеше өңірінде жұмыртқа бағасы қымбаттағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1894071-pensiaga-kosyp-edi-bri-kymbattap-syga-keldi-aktbede-azyk-tlik-bagasy-saryktap-ketken/

pixel