RU

Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұтынушылық несиені жабу үшін пайдалануға бола ма

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте "Отбасы банкі" басшысы зейнетақыдан алынған қаржымен пәтер немесе үйге жұмсалған тұтынушылық несиені жабуға бола ма деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер қазақстандықтар зейнетақы шотындағы ақшаны ипотека емес, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында алынған тұтынушылық несиесін төлеуге жұмсай ала ма деп сұрады.

"Егер сізде банктік қарыз шарты болса, онда ол жерде "шұғыл қажеттіліктер үшін" немесе басқа түрлері яғни тұтынушылық мақсаттар үшін және тағы сол сияқты жазылса, жылжымайтын мүлік кепілге қойылған болса да, ережелер мұндай қарыздарды өтеуді қарастырмайды.

Яғни, сіз төлейтін банктік несие келісімшартында бұл тұрғын үй - пәтер, үй алу мақсатында болғандығы көрсетілуі керек. Егер бұл тек тұтынушылық несие болса, онда болмайды", - дейді "Отбасы банкі" басшысы Ләззат Ибрагимова.

Еске сала кетсек, бұған дейін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін өтінім беруге болатын сайт 23 қаңтарда іске қосылатынын хабарлаған едік.

23 қаңтарда "Отбасы Банкі" зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім қабылдау үшін онлайн-платформаны іске қосады.

Бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың шоттың ашылғаны белгілі болды.

"Бір жолғы зейнетақы аударымын азаматтар өздігімен пайдалана алады. Ал егер БЖЗҚ салымшысы алуға болатын төлемді пайдаланғысы келмесе, ол қаржыны өзінің туысына мәселен зайыбына аудара алады", - делінген хабарламада.

Өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ бар болуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1895190-zejnetaky-zinagyny-bir-bligin-ttynusylyk-nesieni-zabu-sin-pajdalanuga-bola-ma/