Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт белгілі болды

Опубликовано:

ноутбук
Көрнекі фото: pixabay.com

ОКҚ өткен онлайн-брифингте қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім беретін сайттың атауы белгілі болды. Портал 23 қаңтарда іске қосылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Отбасы банкі" басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қазақстандықтар enpf-otbasy.kz сайты арқылы зейнетақысының бір бөлігін алуға өтініш бере алады.

Сайт 2021 жылы 23 қаңтарда сағат 9-да іске қосылады.

Банк басшысының сөзінше, порталда қазақстандық қолданушыларға басымдық беріледі. Ал қауіпсіздік мақсатында сайтқа шетелден кіргісі келгендер үшін шектеулер қойылған.

Еске сала кетсек, Ләззат Ибрагимова зейнетақыдан алынған қаржымен пәтер немесе үйге жұмсалған тұтынушылық несиені жабуға бола ма деген сауалға жауап берген еді.

"Егер сізде банктік қарыз шарты болса, онда ол жерде "шұғыл қажеттіліктер үшін" немесе басқа түрлері яғни тұтынушылық мақсаттар үшін және тағы сол сияқты жазылса, жылжымайтын мүлік кепілге қойылған болса да, ережелер мұндай қарыздарды өтеуді қарастырмайды.

Яғни, сіз төлейтін банктік несие келісімшартында бұл тұрғын үй - пәтер, үй алу мақсатында болғандығы көрсетілуі керек. Егер бұл тек тұтынушылық несие болса, онда болмайды", - дейді "Отбасы банкі" басшысы Ләззат Ибрагимова.

Сонымен қатар ол зейнетақы жинағын емделуге жұмсау ережесі қашан қабылданатыны жөнінде де айтқан еді.

Оның сөзінше, ережелер осы айдың соңына дейін жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1895202-baspana-sin-zejnetakyny-bir-bligin-aluga-tinimdi-kaj-sajttan-beruge-bolady/

pixel