Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы қаржысын емделу үшін алу ережелері осы айдың соңында жарияланбақ

Опубликовано:

Науқас8
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға қатысты ережелер қабылданды. ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте зейнетақы жинағын емделуге жұмсау ережесі қашан жарияланатыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Олар айдың соңына дейін жариялайтыны белгілі. Қазіргі таңда ішкі нормативтік процедураларға сәйкес, мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр. Кейіннен денсаулық сақтау министрлігінің бұйырығын әділет министрлігінде тіркеу керек.

Ереже ашық порталда жарияланды, оны талқылап та үлгерді. Ол жерде сирек кездесетін ауру түрлерін емдеу, ересектерге стоматологиялық қызмет көрсету бар. Ересектерге денсаулығын жақсартып алуға мүмкіндік беретін спектр жеткілікті", - дейді "Отбасы Банкі" ТҚЖБ басшысы Ләззат Ибрагимова.

Одан бөлек, "Отбасы банкі" басшысы зейнетақыдан алынған қаржымен пәтер немесе үйге жұмсалған тұтынушылық несиені жабуға бола ма деген сауалға жауап берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін өтінім беруге болатын сайт 23 қаңтарда іске қосылатынын хабарлаған едік.

23 қаңтарда "Отбасы Банкі" зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім қабылдау үшін онлайн-платформаны іске қосады. Бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың шоттың ашылғаны белгілі болды.

Бір жолғы зейнетақы аударымын азаматтар өздігімен пайдалана алады. Ал егер БЖЗҚ салымшысы алуға болатын төлемді пайдаланғысы келмесе, ол қаржыны өзінің туысына мәселен зайыбына аудара алады.

Өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ бар болуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895203-kazakstanda-zejnetaky-koryndagy-aksany-emdeluge-zmsauga-kasan-rksat-etiledi/

pixel