Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен жылы Қазақстанға 19,1 млн доллар гуманитарлық көмек келген

Опубликовано:

Гуманитарлық көмек
Көрнекі фото: 24.kz

Гуманитарлық көмек - бұл азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар және сол секілді заттарды тегін беру. 2020 жылы Қазақстанға қай елден қандай көмек көрсетілгенін Нұрфин материалынан біле аласыздар.

Шетелден гуманитарлық көмек Қазақстанға жыл сайын, бірақ жағдайға байланысты әртүрлі мөлшерде беріледі. Сондай-ақ біздің ел басқа мемлекеттерге көмектесуге өзіндік үлес қосып келеді.

FinProm мониторингтік агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан 2020 жылы әртүрлі елдерге 3,1 млн АҚШ долларына гуманитарлық көмек көрсетті.

Алдыңғы жылдарда да біздің ел өзге мемлекеттерге қол ұшын созған: 2019 жылы 1,3 млн доллар, 2018 жылы 3,4 млн доллар, 2017 жылы 3 млн доллар, 2016 жылы 900 мың доллар.

Қазақстанға қанша гуманитарлық көмек көрсетілді

Осы ретте Қазақстан 2020 жылы әртүрлі елдерден 19,1 млн АҚШ долларын құрайтын көмек алған. Біздің елге 2019 жылы 9,9 млн доллар, 2018 жылы 49 млн доллар, 2017 жылы 7 млн доллар, 2016 жылы 10 млн доллар көмек берілген.

Скриншот
Скриншот: finprom.kz

Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде не берілген

Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің негізгі көлеміне 6,5 млн долларды құрайтын машиналар мен техникалар жатады. 2019 жылы мұндай көмек сомасы 800 мың долларды құраған.

Әрі қарай тізімде қайтарымсыз көмек ретінде берілген 5,9 млн долардың киімі мен аяқ киімі бар. 2019 жылы бұл сома 700 мың доллар болған.

Гуманитарлық көмек ретінде Қазақстанға дәрі-дәрмектердің импорты 2020 жылы 1,7 миллион долларды құрады. 2019 жылы бұл көрсеткіш екі есе көп болған - 3,9 млн доллар.

Шетелден 100 мың долларға тамақ келген, ал 2019 жылы Қазақстанға мұндай гуманитарлық көмек көрсетілмепті.

Басқа да гуманитарлық көмек көлемі 2020 жылы 5 млн долларды құраған. Бұл көрсеткіш 2019 жылы да осындай болыпты.

Скриншот
Скриншот: finprom.kz

Қазақстанға гуманитарлық көмек қайдан келеді

Көршілес Қытай 2020 жылы Қазақстанға гуманитарлық көмекті ең көп мөлшерде жіберген - 10 млн доллар.

Осы ретте пандемия басталғанға дейін 2019 жылы қытайлық тараптан біздің елге гуманитарлық көмек келмеген.

Ал 2019 жылы Қазақстанға ең көп көмек берген Германия екен. 2020 жылы да бұл ел біздің мемлекетке қолдау көрсетіп, 2,2 млн долларды құрайтын көмек жіберген.

Содан кейін тізімде Үндістан мен Катар бар - 1,7 млн доллардан. Бір жыл ішінде Үндістаннан келетін көмек көлемі 6,2 есеге артқан. Ал Катар 2019 жылы Қазақстанға гуманитарлық көмек жібермеген.

Скриншот
Скриншот: finprom.kz

2020 жылы Қазақстанға гуманитарлық көмек Оңтүстік Корея, БАӘ, Өзбекстан, Италия, Түркия, Украина және басқа да елдерден келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1898253-otken-zyly-qazaqstanga-191-mln-dollar-gumanitarlyq-komek-kelgen/

pixel