Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биржадағы доллар бағамы 418 теңгеден төмендеді

Опубликовано:

теңге мен доллар 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін таңертең америкалық валюта 1,5 теңгеге арзандап кетті деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының ресми сайты.

Доллардың орташа бағамы 417,25 теңге деп белгіленген. Америкалық валюта 1,68 теңгеге арзандай түскен.

NUR.KZ порталындағы айырбастау парағына сәйкес, Алматыдағы айырбастау нүктелерінде бір доллар үшін 418,00 теңгеден бастап 419,30 теңгеге дейін сұрап жатыр. Сатып алу 414,95-тен басталып, 416,90 теңгеге дейін жетеді.

Нұр-Сұлтандағы айырбастау нүктелерінде америкалық валюта 418,40 теңгеден 419,30 теңгеге дейін сатылуда. Сонымен бірге 414,95 теңгеден бастап 416 теңгеге дейін сатып алып жатыр.

Еске сала кетсек, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Ресейдегі жағдайдың теңгеге қалай әсер етуі мүмкін екенін айтқан еді.

Ол теңге мен рубль бағамы арасында желілік болмаса да, байланыс бар екенін атап өтті.

"Ресейдің қазіргі кездегі санкциялық тәуекелдері ерекше және жергілікті валюта нарығына тікелей әсер етпейді. Алайда санкциялар риторикасының нашарлауының жалғасуымен, Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірінің валютасы - рубльдің әлсіреуі теңге бағамына кері әсер етуі мүмкін", - дейді Молдабекова.

Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1898985-birzadagy-dollar-bagamy-418-tengeden-tomendedi/

pixel