Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржыгер несиені мерзімінен бұрын өтеудің қай уақытта қауіпті екенін айтып берді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ресейлік қаржыгер Сергей Григорян несиені мерзімінен бұрын өтеу тиімді болғанымен, оның кей жағдайда қауіпті екендігін ескертті деп жазады "Прайм" агенттігі.

Маманның пікірінше, артық қаражаты жоқ адамдар үшін несиені мерзімінен бұрын жабудың тиімсіз тұсы бар.

"Несиені мерзімінен бұрын жабу кезінде артық қаражат болғаны абзал. Себебі күтпеген жерден табысыңыздан айырылсаңыз, қиын жағдайда қалуыңыз ғажап емес", - дейді Сергей Григорян.

Десе де, қаржыгер қарызды мерзімінен бұрын өтеу тиімді екенін алға тартты. Бұл банкке пайызды артық төлемеуге мүмкіндік береді.

Қаржыгер несиені ішінара мерзімінен бұрын өтеудің екі жолын атады: төлем мөлшерін азайту немесе несие мерзімін қысқарту. Сарапшының айтуынша, екінші нұсқа тиімдірек яғни қаржыны 15-20 пайызға үнемдеуге болады.

Алайда бұл жол бәріне ыңғайлы бола бермейді дейді маман. Егер ай сайынғы төлем мөлшері сізге салмақ түсіріп жүрген болса, оны азайтуға ден қойған дұрысырақ дейді ол.

Григорян артық қаражатты несиені ертерек жабуға немесе өзге мүліктерге құюға болатындай таңдау болса, несиені жауып тастау тиімдірек болады деген пікірде.

Еске салсақ, бұған дейін ипотекаға алынған баспананы қалай сатуға болатыны жайлы жазған едік.

Одан бөлек, елімізде банктердің көпшілігі лимиттің толық игерілуіне байланысты "Баспана Хит" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасына өтінімдер қабылдауды аяқтағаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1927321-qarzyger-nesieni-merziminen-buryn-oteudin-qai-uaqytta-qauipti-ekenin-aityp-berdi/

pixel