Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзендегі жағдай: Өңірде газ бағасы төмендейтін болды

Опубликовано:

Газ
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты бірқатар шара қабылдайды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан еді. Президент үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған.

Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген үкіметтің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатыны алға тартылды.

"Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды", - деп түйіндеді үкіметте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1949664-ukimet-zanaozen-qalasyndagy-zagdaiga-qatysty-birqatar-saralar-qabyldady/

pixel