Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандайтын болды (фото, видео)

Опубликовано:

Үкіметтік комиссия белсенділермен кездесті
Фото: primeminister.kz

Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар шешімдер қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды. Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.

Ақтау алаңындағы жұрт
Фото: primeminister.kz

Сондай-ақ, алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.

Сондай-ақ, тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.

Ақтау
Фото: primeminister.kz

Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан еді. Президент үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған.

Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды. Өңірде газ бағасы төмендейтіні хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1949737-mangystauda-gaz-bagasyn-50-tengege-deiin-tusirmek/

pixel