Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 1,6 миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өседі

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Елімізде 1,6 миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 41 пайызға, 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 60 мың теңгеге дейінгі 1 миллион 650 мың жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өседі.

"Бірінші кезекте ең төменгі жалақының көтерілуі "жалақысы төмен" қызметкерлерге қатысты болады.

Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ең төменгі жалақы еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады және тиісті қаржы жылына "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1949876-elimizde-16-millionnan-astam-qazaqstandyqtyn-zalaqysy-osedi/

pixel