Елімізде доллар бағамы тағы өсті
Опубликовано:

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы тағы өсті. Қазір бір доллар шамамен 497,02 теңге деп жазады KASE-тің ресми сайты.
4 наурыздағы деректерге сүйенсек, бір тәулік ішінде АҚШ валютасы 3,59 теңгеге өскен. Қазір доллардың орташа бағамы 497,02 теңгені құрап отыр.
NUR.KZ сайтының ақша айырбастау бағамы парақшасындағы ақпарат бойынша қазір:
Нұр-Сұлтанда бір доллар 494-497 теңге аралығында сатылуда. Ал сатып алу 498-505 теңге аралығында.
Алматыда сатып алу 500,5-505 теңге аралығында болса, сату 494,5-500 теңгеге аралығында.
Шымкентте де шамамен осындай бағам. Еліміздің үшінші мегаполисіндегі ақша айырбастау орындары долларды 500,5-505 теңге аралығында сатып, 494,5-497,1 теңге аралығында сатып алуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959254-elimizde-dollar-tagy-osti/