Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бастапқы жарнаны қажет етпейтін қандай тұрғын үй бағдарламалары бар

Опубликовано:

Тұрғын үйлер
Көпқабатты тұрғын үй. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар ипотекамен тұрғын үй алу үшін бастапқы жарна болмаған жағдайда жылжымайтын мүлікті кепілге қоя алады. Жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы қалай үй алуға болатынын толығырақ NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Әдетте ипотекаға үй алу үшін бастапқы жарна талап етіледі. Бастапқы жарна - қарыз алушы несиесінің жалпы сомасын азайта отырып, төлем қабілеттілігінің кепілі болатын алғашқы төлем.

Сондай-ақ ипотека шарттары тұрғын үй бағдарламасына және екінші деңгейлі банктердің талабына байланысты өзгеріп отырады.

Екінші деңгейлі банктерде бастапқы жарнасыз ипотека қалай беріледі

Бастапқы жарнасыз ипотекалық несие беретін банктер аз. Соған қарамастан кей банктер жылжымайтын мүлікті кепілдікке қойып, ипотека рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Мәселен, ЦентрКредит банкі кепіл ретінде ұсынылатын жылжымайтын мүлікке мынадай шарттар қояды:

  • жылжымайтын мүлік басқа жерде кепілдікте тұрмауы керек, ондай жағдайда мүлік үшінші тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін;
  • мүлік кәмелетке толмағандардың меншігінде болмауы керек.

Егер кепілдікке қойылатын тұрғын үй үшінші тұлғаның меншігінде болса, онда қосымша кепіл болатын тұлғалар тартылады.

Несие алушылар 100 млн теңгеге дейінгі сомаға 15 жыл мерзімге ипотека ала алады, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 18,7 пайыздан басталады.

Ақша купюралары
Ақша купюралары. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сондай-ақ Халық банкінде де бастапқы жарнаның орнына қосымша кепілдікті пайдалануға болады. Несие келесі шарттармен беріледі:

  • Несие мерзімі 20 жылға дейін;
  • Төлем сомасы қарыз алушының төлем қабілеттілігіне байланысты болады;
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: комиссиямен 20,4-21,6 пайызды құрайды. Ал комиссиясыз 25 пайызға тең болады.

Сіз салынып жатқан тұрғын үйді, тіпті жерді де сатып ала аласыз. Несиелер мен әр түрлі бағдарламаның шарттары жиі өзгеретіндіктен, бастапқы жарнаның орнына қойылатын кепілдікті нақтылап анықтау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2010528-elimizde-bastapqy-zarnany-qazet-etpeitin-qandai-turgyn-ui-bagdarlamalary-bar/

pixel