Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы вице-министрі тұңғыш президент кеңсесіне бөлінетін қаржы неше млн теңгеге қысқартылатынын айтты

Опубликовано:

теңге
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесіне бөлінетін қаржы 130 млн теңгеге қысқартылады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Нақтыланған бюджет аясында ҚР Тұңғыш президенті кеңсесінен шамамен 130 млн теңгені қысқартатын боламыз. Қаражат 1-1,5 млрд теңгесі шамасында бөлінген. Содан шамамен 130 млн теңгені алып тастаймыз. Бұл тек осы жылға ғана", - дейді Дәурен Темірбеков сенатта 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын талқылаудан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетсек, биыл 15 ақпанда "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды.

Бұған дейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Қаржы министрі Елбасы туралы заңның күші жойылуына байланысты енгізілген өзгерістерден кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру біртіндеп қысқартылатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011534-qarzy-vice-ministri-tungys-prezident-kensesine-bolinetin-qarzy-nese-mln-tengege-qysqartylatynyn-aitty/

pixel