Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы туралы заңның күші жойылды: Тоқаев құжатқа қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды. Тиісті құжатқа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Конституциялық соты "Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы" қаулы шығарған еді.

Кейін парламентте депутаттар Елбасы туралы заңның күшін жою туралы құжатты бірауыздан мақұлдады.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы туралы заңның күші жойылғаннан кейін қандай артықшылықтардан айырылатынын және оған қатысты қандай кепілдіктер сақталатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009555-elbasy-turaly-zannyn-kusi-zoiyldy/

pixel