Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Ұлттық банкі ақшаны сақтаудың ең тиімді жолын айтты

Опубликовано:

Ақшасын санап отырған бойжеткен
Ақшасын санап отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Салымдардан түсетін қосалқы пайыздардың мөлшері таңдалған қаржы құралына байланысты әрқалай болады. Былтыр ақша сақтаудың қай түрі ең тиімді болғаны туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Ұлттық банк 2022 жылы белгілі бір қаржы құралдарының қаншалықты пайда әкелгені жөнінде есепті назарға ұсынды. Есепте мынадай қаржы құралдары қарастырылған:

  • банктік депозит – теңгедегі жинақ салымдары мен шетел валютасындағы мерзімді депозиттер қаралды;
  • қолма-қол ақша – рубльмен, АҚШ долларымен және еуромен;
  • инвестиция – алтынға және KASE, AIX, S&P 500 сынды биржалық индекске жасалған салымдар.

Осы құралдардың әрқайсысына 10 000 теңге салғандағы нәтиже қандай болғанына көз жүгіртіп көрелік.

Депозиттердің пайдасы қандай?

Жинақ депозиті – бұл жоғары пайыздық мөлшерлемесі мен шектеулері бар салым түрі. Егер азамат ақшасын депозиттен мерзімінен бұрын алса сыйақыдан айырылып қалуы мүмкін.

2022 жылы мұндай инвестиция түрінен 13,9% (+1391 теңге) кіріс келген. Ал депозиттер бойынша өтемақы мен Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесі өскенінің арқасында табыс мөлшері бұдан да көп болуы мүмкін еді.

"2022 жылғы 23 ақпанда белгіленген 10 пайыздық мемлекеттік сыйақыны қоса алғанда егер депозиттегі ақша шешілмеген болса азаматтың таза табысы 24,1 пайызды құрауы мүмкін еді", - делінген Қазақстан Республикасы Орталық банкінің сайтында жарияланған есебінде.

Яғни 10 000 теңге жыл соңында 12 410 теңгеге (пайдасы 2 410 теңге) дейін өсуші еді.

Еске салсақ, кейбір салымшыларға өтемақы ретінде небәрі 100 теңге төленген болатын.

Тиын
Ақша. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Шетел валютасына инвестиция жасауға бола ма?

Қаражатын шетел валютасымен сақтауды жөн көрген азаматтар өткен жылы мынадай нәтижелерге қол жеткізген:

  • Ресей рублі – Қазақстан азаматы қолма-қол ақшаны теңгемен ұстаса, онда инвестициясы бір жыл ішінде 11,4% пайда әкелуі мүмкін (+1 144 теңге), ал ресейлік валютадағы мерзімді депозит 12,6% (+1 255 теңге) кіріс алып келуші еді;
  • АҚШ доллары – былтыр қолма-қол ақшаны сақтаудан түсетін кіріс 7,1%-ды (+714 теңге) құрады, ал салымшылар ақшасын депозитке салғанында бұл көрсеткіш 7,9%-ға (786 теңге) дейін өсер еді;
  • еуро – қолма-қол ақша тек 1% пайда әкеледі (жылына 104 теңге), ал мерзімді депозитпен сақтаса таза табыс мөлшері 2,1%-ды (205 теңге) құрайтын еді.
Ақша өсімінің көрінісі
Ақша. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Инвестициялардың қайтарымы қандай?

Егер қазақстандықтар 2022 жылдың басында алтынға 10 000 теңге шамасында инвестиция жасаған болса, жыл соңына дейін 7,2 пайыз (715 теңге) табысқа қол жеткізуі мүмкін болатын.

Ал биржалық индекске байланысты бағалы қағаздарды сатып алса, қазақстандықтар, керісінше, шығынға ұшыраушы еді:

  • KASE – Қазақстан биржасында 2022 жылға арналған индексінің көрсеткіштері -11,5%-ды құрады, бұл ақшаға айналдырғанда 1 153 теңге шығын әкелгенін білдіреді;
  • AIX – Astana International Exchange индексі 15% немесе 1503 теңге шығын әкелген;
  • S&P 500 – америкалық индексте де теріс көрсеткіштер болған. Америкалық бағалы қағаздарға инвестиция жасаған Қазақстан азаматтарының шығыны 11%-ға немесе 1103 теңгеге жететін еді.

Осылайша теңгелік депозит пен ресей рубліндегі мерзімді депозиттер 2022 жылы инвестициялаудың ең тиімді жолы болғанын, ал индекстерге салынған инвестиция тиімсіз болғанын көріп тұрмыз.

DATA HUB Telegram арнасының мәліметінше, 2021 жылы ең тиімді инвестиция қазақстандық компаниялардың акциялары (таза пайдасы 37,4%) мен теңгелік депозит (табыс мөлшері 14%) болған.

Кейбір отандық бағалы қағаздар 130 пайыздан астам пайда әкелуі мүмкін.

Яғни екі жыл қатарынан теңгелік депозит тиімді шешімдердің бірі болып қала бермек. Дегенмен өткен жылы күрт өскен инфляция туралы да ұмытпау керек.

"Бір нюанс бар: 2022 жылы Ұлттық банк қарастырған құралдардың ешқайсысы инфляциядан жоғары табыс әкелген жоқ. Қай жерге инвестиция жасасаңыз да табыстың шынайы мөлшері төмендеуші еді", - деп жазылған дереккөзде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2016452-qazaqstan-ulttyq-banki-aqsany-saqtaudyn-en-tiimdi-zolyn-aitty/

pixel