Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 50 мың қазақстандық талапкер колледжге тегін түсуге мүмкіндік алмақ

Опубликовано:

Ақша ұстап тұрған бойжеткен
Ақша ұстап тұрған бойжеткен. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық талапкерлер енді колледжге тегін түсе алады. Білім министрлігі қай мамандыққа қосымша бюджеттік орындар бөлінгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның еңбек нарығында барлық мамандық сұранысқа ие емес. Көп жағдайда жұмыс берушілер сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандарды іздейді, бірақ сапалы қызметкерлерді табу оңай емес.

Қазақстандықтардың көбі жалақысы төмен мамандықты ақылы түрде оқығысы келмейтіні анық. Бірақ бүгінде жағдай өзгеруі мүмкін, өйткені биыл үкімет колледждерде қосымша бюджеттік орындар бөлу туралы шешім қабылдады.

"Жаңа оқу жылынан бастап республикалық бюджет есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беруді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын 50 мың орынға көбейту жоспарлануда", - деп хабарлады ведомстводан.

Грант электротехника және энергетика, электроника және автоматтандыру, механика және металл өңдеу, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану және т.б. техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде бұл мамандықтарды 52 мыңнан астам студент таңдаған. Грант саны 50 мыңға ұлғайса, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін студенттер саны 130 мыңға дейін өсуі мүмкін.

Оған қоса техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар бір рет қана бөлінбейді. Биыл ол 50 пайызға ұлғайса, 2025 жылға қарай 70 пайызға арттыру жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2017047-elimizde-50-myn-qazaqstandyq-talapker-kolledzge-tegin-tusuge-mumkindik-almaq/