jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Биыл жаңа оқу жылында студенттердің стипендиясы өседі

    Оралған ақша, телефон және тиындар
    Ақша мен тиындар. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бірінші қыркүйектен бастап университетте оқитын студенттердің стипендиясы 20 пайызға өседі. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте вице-премьер Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Агенттіктің жазуынша, кеңесте Алтай Көлгінов биыл жаңа оқу жылында жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы өсетінін атап өткен.

    "Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы колледжерде 50 пайызға, университеттерде 20 пайызға артады", - дейді ол.

    Айта кетейік, бүгінгі кеңесте сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы маңғыстаулық жастардың болашағына қатысты пікір білдіріп, өңір жастарының мұнай саласынан басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасау қажет екенін айтты.

    Биыл жаңа оқу жылында студенттердің стипендиясы өседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.