Әлемнің қай қаласында жақсы жұмысқа орналасуға болады: сарапшылар жауап берді
Жарияланған күні:
Доха, Дубай және Калифорниядағы Силикон алқабы әлемдегі ең бәсекеге қабілетті еңбек нарығы ретінде танылған. LinkedIn кәсіби әлеуметтік желісі сараптама жүргізіп, нәтижесінде адамдар көбіне осы аймақтарда орналасқан компанияларға қызығушылық танытатынын анықтады, деп хабарлады Bloomberg.
Онлайн резюме құрастырушы сервис Resume.io сарапшыларының зерттеуі бойынша, LinkedIn жұмыс іздеу платформасында Доха, Дубай және Сан-Франциско қаласындағы бір қызметке бірнеше адам үміткерлік етеді екен. Рейтингті құрастыру үшін компания әлемнің 130 қаласын және АҚШ-тың әрбір штатын зерттеп, вакансия жарияланғалы бір аптаның ішінде бос жұмыс орындарына қанша өтінім берілгенін тексерген.
Қатар қаласының танымалдылығы 2022 жылы осы елде өткен футболдан әлем чемпионатымен байланыстырылады. 2010 жылдан бері бұл шараға дайындық үшін ел 250 миллиард доллардан астам қаржы жұмсаған. 100-ден астам жаңа қонақүйлер салынған, әуежай мен теңіз порты қайта жанданған, жолдар жөнделген. Дамыған инфрақұрылымы мен қолайлы климатының арқасында Доха қаласы технология индустриясы саласындағы мамандар арасында ең көп сұранысқа ие елдердің біріне айналған.
Біріккен Араб Әмірліктерінде, атап айтқанда, Абу-Даби мен Дубайда жұмысшылардың табыс салығын төлемейді. Сондықтан олар жұмыс іздеушілер арасында сұранысқа ие. LinkedIn мәліметінше, бұл аймақта медицина мамандары мен цифрлық контентпен жұмыс істей алатын сарапшыларға жұмыс баршылық.
Сан-Хосе мен Сан-Францискода технология саласындағы ең жоғары жалақы ұсынатын жұмыс орындары өте көп. Өйткені екі қала да Силикон алқабында орналасқан. Сондай-ақ қалалардағы өмір сүру деңгейі онда тұратын мамандардың жоғары табысына сай. Дегенмен адамдар әлі күнге дейін Силикон алқабына жиі баруда, өйткені мұндағы жұмыс орындар тек жоғары жалақымен емес, беделімен де ерекшеленеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026550-alemnin-qai-qalasynda-zaqsy-zumysqa-ornalasuga-bolady-sarapsylar-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.