Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде діни және қайырымдылық ұйымдарына онлайн түрде қалай садақа беруге болады

Опубликовано:

Ұялы телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: pixabay.com

Әрбір қазақстандық белсенді түрде қайырымдылықпен айналысып, түрлі мақсатта ақшалай көмек көрсетуге құқылы. Бірақ бүгінде ақшалай көмектесу үшін қайырымдылық ұйымдарына барудың қажеті жоқ, өйткені қазір онлайн арқылы да садақа беруге мүмкіндік бар. Онлайн түрде қалай садақа беруге болатыны туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстандықтар қиын жағдайға тап болған кезде мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіне алады. Мысалы, бүгінде қазақстандықтарға кейбір жеңілдіктер автоматты түрде тағайындалады.

Сондай-ақ қазақстандықтардың өрт немесе жер сілкінісі салдарынан баспанасынан айырылған жағдайда сақтандырусыз өтемақы алу мүмкіндігі де бар.

Дегенмен кейде бұл көмек жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл ретте қайырымдылық немесе діни ұйымдар мұқтаж адамдардың пайдасына немесе өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін жинақ не қор аша алады.

Ал цифрлық технологиялар дамығандықтан, қазір онлайн түрде қаржылық көмек көрсетуге мүмкіндік бар.

Қалай онлайн садақа беруге болады

Қайырымдылық қорлары немесе діни ұйымдар арқылы материалдық көмек көрсету үшін қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) мобильді қосымшаларын пайдалана алады.

Бұл мүмкіндік көптеген ЕДБ үшін қолжетімді.

Ол үшін қазақстандықтар мобильді қосымшада авторизациядан өтіп, қолжетімді функцияларды көру үшін "Төлемдер" бөліміне өтіп, "Барлық төлем" бөлімін таңдауы керек.

Ашылған тізімде "Қайырымдылық" бөлімін таңдаңыз. Одан кейінгі әрекеттер белгілі бір ЕДБ мобильді қосымшасына байланысты:

  • кейбіреулерінде барлық қайырымдылық қоры мен діни ұйымның тізімі пайда болуы мүмкін – іздеу жолағында қалаған қорды немесе ұйымды табуға болады;
  • басқа қолданушыларда дін түрлері мен қоғамдық қорларға бөлінген шағын топтар шығуы мүмкін. Ондай жағдайда дұрыс топты таңдап, қажетті ұйымды табу керек;
  • ал кейбіреулерінің діни ұйымдарға қайырымдылық жасау функциясы мүлде болмауы ықтимал – тек қайырымдылық қорлары шығады.

Кейін нақты бір қорды немесе діни ұйымды таңдаған кезде қайырымдылық сомасын жазуға болатын жол мен "Төлеу" батырмасы пайда болады.

Бұған дейін Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем жойылғаннан кейін МӘМС үшін қалай төлемді жасауға болатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ Қазақстанда жыл басынан бері ең төменгі күнкөріс деңгейі қаншалықты өскені жөнінде жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2027473-elimizde-dini-zane-qaiyrymdylyq-uiymdaryna-onlain-turde-qalai-sadaqa-beruge-bolady/

pixel