Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға әкімдіктен берілген жалдамалы баспананы сатып алуға рұқсат етілуі мүмкін

Опубликовано:

Қолына кілт пен үйдің макетін ұстаған адам
Кілт және үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев әкімдіктен жалға берілген пәтерлерде тұрған азаматтарға сатып алу құқығын беру керегін жеткізді.

"Өкінішке қарай, бұл жалға беру ұзаққа созылып жатыр, адамдар көшпейді. Олар халықтың әлеуметтік осал топтары болғандықтан, жеке пәтерлерге қол жеткізу оңай емес. Біз қарастырып жатқан сатып алу ережелері бойынша адамдардың тұру мерзімі есепке алынады. Бұл қазір талқыланып жатыр. Егер адам сол пәтерде бес жыл тұрса, онда пәтерді сатып алуға құқылы деп санаймыз", - деп түсіндірді министр.

Министр баспананың бағасына да өзгерістер енгізу қарастырылғанын атап өтті.

"Пәтерді сатып алу құны да маңызды элемент. Ал оны нарықтық баға бойынша әркімнің қалтасы көтере бермейтіні анық. Сондықтан қазір баланстық құны бойынша сатып алуға рұқсат беру туралы пікірталас жүріп жатыр. Жалдамалы тұрғын үйлерде тұратын адамдар ол үйге қалай қарайтынын түсінесіз. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үйге жеке меншік құқығын беруді өте маңызды деп санаймыз", - деп қорытындылады Шарлапаев.

Еске салайық, биыл сәуір айынан бастап Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасына өзгерістер енгізілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047127-qazaqstandyqtarga-akimdikten-berilgen-zaldamaly-baspanany-satyp-aluga-ruqsat-etilui-mumkin/

pixel