Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлттық қор – балаларға": баланың жинағы туралы ақпаратты білу үшін оның деректерін қалай жаңартуға болады

Опубликовано:

Ақша санап отырған қыз бала
Ақша санап отырған қыз бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Электрондық үкімет порталында баланың "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша жиналған қаражаты туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін оның деректерін тексеріп, жаңарту қажет. Мұны қалай жасау керектігін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында Ұлттық қордан кәмелет жасына толмаған барлық қазақстандықтың шотына алғашқы төлемдер түсе бастайды. Заңнамаға өзгерістер енгізу туралы тиісті қаулыға қол қойылды.

Тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға сәйкес, жоба аясында балалардың шотына жыл сайын 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қор инвестициялық табысының 50 пайызы түсіп отырады.

Бала 18 жасқа толған кезде оның жинағы нысаналы жинақтау шотына (НЖШ) аударылады. Кейін ондағы қаражатты тұрғын үйге немесе білім алуға жұмсауға болады.

Ал жинақ иесі 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл ішінде төлемді алуға өтініш бермеген жағдайда шоттағы сома ерікті зейнетақы жарналары ретінде есепке алынып, оның жеке зейнетақы шотына аударылады.

Балаңыздың жинағы туралы ақпаратты бақылауға бола ма?

Кәмелет жасына толмаған қазақстандықтардың шотында қаражат жинақталғанша, олардың ата-аналары қанша қаражат жиналғанын тексеріп отыра алады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) баспасөз қызметі хабары бойынша, баланың жинағы туралы жалпы ақпаратты БЖЗҚ сайтынан немесе мобильді қосымшасынан білуге мүмкіндік бар. Ал толығырақ ақпарат алу үшін Электрондық үкімет порталына кіру керек.

Естеріңізге салайық, Ұлттық қордан төлем алу үшін баланы еш жерде тіркеудің қажеті жоқ. Жоба аясындағы көрсетілетін қызмет мемлекеттік органдардың дерекқорында сақталған ақпарат негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

Бірақ сарапшылар кәмелетке толмаған баланың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар-жоғын және оның дұрыстығын тексеруге кеңес береді.

Баланың жеке мәліметін қалай тексеруге болады?

Баланың жеке мәліметін Электрондық үкімет сайтына өтіп, жеке кабинетінен тексеруге болады. Жеке кабинетке кіргеннен кейін оң жақ жоғары бұрышта орналасқан жерде есіміңізге басу керек.

Egov.kz порталындағы "Балалар туралы мәліметтер" бөлімі
Egov.kz порталындағы "Балалар туралы мәліметтер" бөлімі. Скриншот: egov.kz

Пайдаланушы деректерінде құжаттар, неке қию туралы мәліметтер, әлеуметтік мәртебе және т.б. бөлімдердің арасында "Балалар туралы мәліметтер" бөлімі болады.

Көптеген азамат, тіпті балалары бар адамдар да бұл жерден кейде "АХАЖ" АЖ-да балалар бойынша деректер жоқ" деген ақпаратты көруі мүмкін. Оған бола уайымдаудың қажеті жоқ, бұл ақау емес, бұл мәліметті кейін жеке деректеріңізге өз бетіңізше енгізе аласыз.

Ол үшін "Қосу" батырмасын басып, баланың ЖСН-ін енгізу керек. Жаңартудан кейін жеке деректеріңізде балаңыз туралы ақпарат пайда болады.

БЖЗҚ мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда кәмелетке толмаған 7 млн азамат бар. Естеріңізге салайық, алғашқы төлемдер балалардың шотына 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап түседі.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет кулуарында Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын қаржыға салық салына ма деген сауалға жауап берген болатын.

Сондай-ақ бала 18 жасқа толғанша жеке шотында қанша қаржы жиналатыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047954-ulttyq-qor-balalarga-balanyn-zinagy-turaly-aqparatty-bilu-usin-onyn-derekterin-qalai-zanartuga-bolady/