Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 20 млн теңгеден арзан үш бөлмелі пәтер табуға бола ма

Опубликовано:

Пәтер іші
Пәтер іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда қолжетімді бағадағы кең баспана табу қиын, дегенмен мүмкіндік бар. Мәселен, Қызылордада 3 бөлмелі пәтерлердің құны орташа есеппен – 16 млн теңге. Пәтер бағасы туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Көптеген қазақстандыққа қайталама тұрғын үй нарығындағы бағалар тым жоғары болып көрінуі мүмкін. Пәтер иелері бір шаршы метрін 720 мың теңгеге бағалап жататын Алматы ерекше көзге түседі.

"Крыша" порталының мәліметінше, Алматыда бір бөлмелі пәтердің орташа құны шамамен - 24 миллион теңге. Екі бөлмелі пәтер болса, баға 36 миллион теңгеге дейін көтерілуі мүмкін, ал 3 бөлмелі пәтер үшін иелері шамамен 43 миллион теңге сұрайды. Мұндай жылжымайтын мүліктің орташа бағасы еш жерде жоқ.

Салыстырар болсақ: Астанада бір бөлмелі пәтер иелері жылжымайтын мүлкі үшін орта есеппен 17,5 млн теңге, екі бөлмелі пәтер үшін 26,6 млн теңге, үш бөлмелі пәтер үшін 38 млн теңге сұрайды. Дегенмен бұл Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда, әлі де айтарлықтай көп сома.

Мәселен, сарапшылар еліміздің 19 қаласындағы бағаны сараптап, бүгінгі таңда ең арзан пәтерлерді Қызылордадан табуға болатынын анықтады. Мұнда бір бөлмеліден бастап үш бөлмеліге дейін кез келген пәтерді арзан бағаға алуға болады.

Орташа есеппен мұнда пәтер үшін небәрі 11,8 миллион теңге сұрайды. Оның ішінде: бір бөлмелі пәтерге – шамамен 7,5 млн теңге, екі бөлмелі пәтерге – 12 млн теңге, ал үш бөлмелі пәтерге – бар болғаны 16 млн теңге. Яғни, Алматыдағы бір 3 бөлмелі пәтердің орнына Қызылордадан кем дегенде үш пәтер алуға болады.

Пәтерлері ең арзан қалалардың қатарында:

  • Тараз, орташа көрсеткіші – 15 млн теңге;
  • Талдықорған – 15,4 млн теңге;
  • Көкшетау – 15,7 млн теңге.

Шымкентте баға "орташа" болып шықты. Бір бөлмелі пәтерге иелері орташа есеппен 15,5 миллион теңге, екі бөлмелі пәтерге – 23 миллион теңге, үш бөлмелі пәтерге – 28 миллион теңге сұрайды.

Еліміздің мегаполистеріндегі қайталама нарықтағы баспаналардың бағасын ескерсек, оны әрбір қазақстандық отбасының қалтасы көтере бермейді деп болжауға болады. Бұл жағдайда пәтерді сатып алудың жалғыз жолы ипотека болуы мүмкін.

Алайда жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары кез келген қазақстандыққа қолжетімді емес, ал нарықтық ипотека тіпті әлемдік стандарттар бойынша тым жоғары деп саналатын пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Осылайша, Қазақстандағы жеке баспана көптеген азаматқа қолжетімсіз болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2049603-qazaqstanda-20-mln-tengeden-arzan-us-bolmeli-pater-tabuga-bola-ma/

pixel