Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі Қазақстанның сақтандыру төлемі 6,4 млрд теңгеден асты
Жарияланған күні:
"Евразия" сақтандыру компаниясы Түркияның оңтүстік шығысында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге халықаралық мүлікті қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша кезекті 2,4 млн еуро немесе 1,2 млрд теңге төлем жасады. Осылайша, қазақстандық сақтандыру компаниясы жасаған төлемнің жалпы сомасы 13 млн еуро немесе 6,4 млрд теңгеге тең болған.
Түркияда (TCIP) пәтер мен жеке үй түріндегі тұрғын үйді міндетті сақтандыру бағдарламасы бар. Бағдарлама шарттары бойынша Түркиядағы кез келген мүлік иесі жыл сайын сақтандыру жарнасын төлеп тұруға міндетті. Бұндай сақтандырудың құны жыл сайын орта есеппен шамамен 300 түрік лирасына (10 доллардан көбірек) тең. Дегенмен, үй иелерінің 50 пайызы ғана сақтандыру жарнасын тұрақты төлеп тұрады.
Міндетті сақтандыру бағдарламасын басқару үшін Түркияда Türk Reasürans арнайы мемлекеттік компаниясы құрылған. Дүниежүзі бойынша сақтандыру компаниялары, сондай-ақ, "Евразия" СК TCIP қайта сақтандыру бағдарламасына қатысады. Осы бағдарлама бойынша анықталған шығын көлемі 2 млрд доллардан асып кетті. Түркия сақтандыру компанияларынан сақтандыру төлеміне алғашқы өтініштер халықаралық сақтандырушыларға зілзаладан кейін бір айдан кейін – наурыз айында келіп түскен болатын.
"Жер сілкінісі – түрік қоғамына ұзақ жылдарға терең жара қалдырған үлкен трагедия. Апаттан кейін тоғыз ай өтсе де бізге сақтандыру төлемдеріне өтініштер жалғасып жатыр. Біз өз міндетімізді орындау үшін және түрік халқын қолдау үшін соңғы лираға дейін төлем жасауды тоқтатпаймыз", - деп айтты "Евразия" СК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Самат Қабдолов.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының басында Түркияның оңтүстік-шығысында он бір провинция зілзаладан зардап шекті. Апаттан 50 мыңнан астам адам қайтыс болып, 100 мыңнан астам адам жарақат алды. Түрік сақтандыру компанияларына TCIP бағдарламасы және ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемін алу үшін жарты миллионнан астам өтініш келіп түскен.
Түркия үкіметі жер сілкінісінен болған шығын көлемін 103 млрд долларға бағалады, бұл ЖЖӨ-нің шамамен 9 пайызын құрайды. Дегенмен Munich Re сақтандыру компаниясының есебі бойынша зардап шеккендердің шығыны 43 млрд долларды құрайды немесе зардап көлемін 39 пайызға жабатын және ауданның экономикалық жағдайын қайта қалпына келуге көмектеседі.
"Евразия" СК әлем бойынша шығыны қыруар жер сілкінісі, дауыл сияқты апаттар бойынша халықаралық қайта сақтандыру саласында көп жылғы тәжірибесі бар. "Евразия" СК Түркиядағы жер сілкінісінен кейін сақтандыру төлемін жүзеге асырып жатқан жалғыз сақтандыру компаниясы болып саналады. 2023 жылдың алғашқы он айының қорытындысы бойынша "Евразия" СК Қазақстандағы халықаралық қайта сақтандыру бойынша кіріс жалпы 74,3 млрд теңгеден астам немесе 160 млн долларға жуық сома жалпы сыйлықақылардың 81,1 пайызды құрайды.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2053844-turkiyadagy-zer-silkinisinen-keiingi-qazaqstannyn-saqtandyru-tolemi-64-mlrd-tengeden-asty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.