Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығына 50 пайыз": "Евразия" СК сақтандыру бойынша жаңажылдық науқанды іске қосты

Жарияланған күні:

Аяз Ата
Фото: "Евразия" СК

Жаңа жыл – сыйлықтар сатып алу, демалыс, туыстармен, достармен кездесу сынды жағымды жақтары көп отбасылық мереке. Десе де жаңа жыл алдында болуы мүмкін жағымсыз тосынсыйлар да көп-ақ: жол-көлік оқиғалары, құбырдың жарылуы немесе кенеттен келген дерт. Бұл ретте мұндай жағымсыз жайт зардаптарынан сақтап, мереке қарсаңында көңіл-күйді түсірмеуге сақтандыру көмектеседі.

"Евразия" сақтандыру компаниясы мерекелік маусымға клиенттеріне арнайы сыйлықтар береді және "Барлығына 50%!" автокөлікті (КАСКО), жылжымайтын мүлікті және туристерді ерікті сақтандыру бағдарламалары бойынша полисті жеке тұлғалар үшін 50 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға болады. Акция 2023 жылғы 21 желтоқсан мен 2024 жылғы 13 қаңтар аралығында өтеді.

"Құбырдың жарылуы, бүлінген үй немесе жол-көлік апатына байланысты жоспарланбаған шығындар тек мерекелік көңіл-күйді ғана бұзуы мүмкін емес. Сіздің пәтеріңізді немесе көлігіңізді сақтандыру отбасылық бюджетті өрттен, су тасқынынан, апаттардан немесе зиянкестердің әрекеттерінен құтқаруға көмектеседі", - деп түсіндірді"Евразия" СК басқарма төрағасының орынбасары Нуржан Джантуреев.

Жасыратыны жоқ, сақтандыру жағдайларының ең көп саны ауа-райына байланысты қысқы кезеңде болады, ал қатты аяз техника мен инфрақұрылымның беріктігін тексереді. Сонымен қатар, жаңа жылдық кезеңде қарақшылар күшейе түседі, өйткені көптеген азаматтар демалыста үйлерін тастап кетеді.

"Біз өз клиенттерімізге сыйлық беруді және жеке тұлғалар арасында ең танымал бес ерікті сақтандыру өніміне, соның ішінде автоКАСКОға 50% жеңілдік беруді шештік. Полисті сатып алуға үлгеріңіз, келесі жылға өз мүлкіңізді қорғаңыз", - деп толықтырды "Евразия" СК өкілі.

50 пайыздық жеңілдік келесі бағдарламаларға қолданылады*:

  • SmartCASCO-автомобиль көлігін барлық тәуекелдерден сақтандыру;
  • YesCASCO-автомобиль көлігін ЖКО-нан сақтандыру;
  • SmartHOUSE-жылжымайтын мүлікті сақтандыру: үй немесе пәтер;
  • Light House-пәтерді сақтандыру;
  • саяхатшылар үшін-туристерді сақтандыру.

SmartCASCO бағдарламасы аясында автокөлік барлық классикалық тәуекелдерден сақтандырылады: өрт, ұрлық, заңсыз әрекеттер, табиғи құбылыстардың салдары, ал ЖКО үшін төлемді жүргізушінің кінәсі болған жағдайда да алуға болады.

YesCASCO сақтандыру бағдарламасы жүргізушінің кінәсінен ЖКО-да келтірілген залалдан 1 млн теңгеге дейінгі сомаға автокөлікті салыстырмалы түрде аз ақыға сақтандыруға мүмкіндік береді. YesCASCO полисінің құны 3 мың теңгеден басталады (жеңілдікті есепке алмағанда).

Light House пәтерді, атап айтқанда жөндеу жұмыстарын, техниканы және көршілеріңіздің алдындағы жауапкершілікті сақтандыруға мүмкіндік береді, егер сізде құбыр жарылып, төмендегі пәтер зардап шегеді делік.

SmartHOUSE сақтандыру бағдарламасы бойынша үйді және оның қабырғаларын 100 млн теңгеге дейінгі сомаға жер сілкінісі, сел, көшкін, өрт және т.б. сияқты апатты тәуекелдерден сақтандыруға болады.

Саяхатшылар ауру, жазатайым оқиға, улану, жарақат және т. б. салдарынан шетелдік ауруханалардағы медициналық шығындарды өтеу үшін сақтандыруды сатып алуға бейім.

"Жаңа жыл құтты болсын! Жазатайым оқиғалар сізге және сіздің мүлкіңізге зардап тигізбесін. Ал егер бірдеңе болып жатса, онда біз өз клиенттерімізді өмірдің қиын сәтінде қолдауға әрқашан дайынбыз, өйткені бұл үшін сақтандыру бар", – деп қорытындылады Джантуреев мырза.

Жеке тұлғалар eurasia36.kz сайтында полисті онлайн немесе тікелей компанияның кеңсесінде рәсімдеу кезінде жеңілдікті пайдалана алады.

"Барлығына 50%!" акциясының шарттары бойынша толық ақпаратты "Евразия" СК колл-орталығынан 5678 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша алуға болады.

*Акция шеңберінде 50% жеңілдік тек кепілде жоқ мүлікке ғана қолданылады.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2053848-barlygyna-50-paiyz-evraziya-sk-saqtandyru-boiynsa-zanazyldyq-nauqandy-iske-qosty/