Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мобильді аударымдар: қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салына ма

Опубликовано:

Смартфон ұстап тұрған жігіт
Смартфон ұстап тұрған жігіт. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мобильді аударымдар арқылы қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салына ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шенеуніктің айтуынша, мобильді аударымдар арқылы қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салынбайды.

"Егер қаражат, мысалы, баланы емдеуге жиналса және әртүрлі адамдардан 100-ден астам транзакция жасалса, бұл жағдайда бізге тиісті ақпарат түседі. Біз ол адамға хабарлама жібереміз. Сол кезде ол ақшаны не үшін жинағанын және оны қайда бағыттағанын, кәсіпкерлік мақсатты көздемегенін айта алады. Бұл жағдайда салық міндеттемесі болмайды", - дейді Біржанов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік бағыт немесе жарнама үшін салық міндеттемелері жүктеледі.

Ал егер қайырымдылыққа бағытталған болса, онда ешқандай салық міндеттемесі болмайды.

Бұған дейін ол туыстар арасындағы мобильді аударымдар бойынша да шектеу жоғын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2054673-mobildi-audarymdar-qaiyrymdylyqqa-zinalgan-qarazatqa-salyq-salyna-ma/

pixel