Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы "Арселлор Миттал Теміртау" компаниясының 500 млн доллар қарызын кім қайтарады

Опубликовано:

Келісімшартқа отырып жатқан адам
Келісімшарт. Көрнекі фото: pexels.com

Меншік иесін ауыстырып, Qarmet деген жаңа атау алған "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) металлургиялық комбинаттың қазақстандық кәсіпкерлер алдында 500 миллион доллар қарызы бар. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қарағанды металлургиялық комбинаты көмір шахталарына байланысты қайғылы оқиғалардан кейін 2023 жылдың соңында инвесторын ауыстырған еді.

Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолданған депутаттық сауалда компанияның қазақстандық кәсіпкерлерге жеткізген тауарлары мен көрсеткен қызметтері, кәсіпорын қажеттіліктерін қанағаттандырғаны үшін 500 млн АҚШ доллары көлемінде қарызы болғаны жазылған. Тиісті депутаттық сауал парламент мәжілісі сайтында жарияланды.

Бұл ретте депутаттардың айтуынша, аталған қаражаттың қайтарылуына қатысты мәселе бұлыңғыр болып тұр.

Еске салайық, бұған дейін "АрселорМитталдың" "Қазақстан халқына" қорына берген 16 миллиард теңгесі қалай жұмсалатыны анықталған болатын.

Қарыз жылдап жинала берген

Депутаттардың премьер-министрге жолдаған сауалына сүйенсек, компанияның қазақстандық мердігерлер алдындағы берешегі көп жыл бойы жинала берген.

Ал бүгінде олар комбинатқа жеткізілген материалдар мен құрал-жабдықтардың шығыны қалай өтелетінін сұрады, депутаттардың пайымдауынша, қаражатты қайтару жұмыстарын қадағалау үшін құжаттаманы толық ревизиядан өткізу керек болады.

"Бұған дейін мердігерлер мен жеткізушілерде біртіндеп болсын ақшасы қайтарылатынына үміт болған еді, ал қазір олар банкроттыққа ұшырап, барлық қаражаттан айырылуымыз мүмкін деп уайымдайды.

Оған қоса бұл қарыздардың артында кәсіпорындар мен олардың серіктестерінің ғана емес, мердігер ұйымдарда жұмыс істеген мыңдаған қызметкерлердің, олардың отбасыларының тағдыры жатыр", – деп атап өтті депутаттар.

Қарыз қайтарыла ма

Депутаттық сауал мәтініндегі мәліметке сүйенсек, кәсіпкерлер туындаған қарыз өтелмеуі мүмкін деп алаңдайды. Бұл ретте сауалда бұған дейін де жұмыстар жүргізіліп, тиісті рұқсат беру комиссиялары құрылғаны жазылған.

"Алайда қазіргі жағдайда аталған мәселе мүлдем шешімін таппағанын әрі іс жүзінде тоқтап қалғанын көрсетті.

Сондай-ақ кәсіпкерлер қарыздан бөлек, салық төлеу мәселесіне тап болды. Салық органдарының айтуынша, мұндай жағдайда жиналып қалған берешек есептен шығарылмайды", – деп атап көрсетті депутатта

Яғни кәсіпкерлер де фискалдық органдар тарапынан қаржыны қайтару бойынша талаптар мен қосымша салықтық есептеулерге тап болады. Бірақ борышкерлер аталған салықтарды төлей алмайды, себебі Қарағандыдағы металлургиялық комбинат тиісті ақысын төлемеген.

Сондықтан депутаттар үкіметтен бұл мәселені қарастырып, комбинаттың отандық шағын және орта бизнес алдындағы қарызын өтеу бойынша қандай шаралар қарастырылғанын айтуды сұрады.

Әзірге премьер-министр сауалға жауап қайтарған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qarmet – бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055434-buryngy-arsellor-mittal-temirtau-kompaniyasynyn-500-mln-dollar-qaryzyn-kim-qaitarady/

pixel