jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қазақстан халқына" қорына "АрселорМитталдан" түскен 16 млрд теңге қайда жұмсалады

Qarmet кәсіпорнының (бұрынғы АМТ) ғимараты
Qarmet кәсіпорнының (бұрынғы АМТ) ғимараты. Фото: КРЕМ баспасөз қызметі

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына "АрселорМиттал" компаниясы 16 млрд теңге көлемінде қайырымдылық жарна аударған болатын. Қор өкілдері ақшаның қайда жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қор Instagram-дағы ресми парақшасында бұл қаражатты Қарағанды облысы тұрғындарының игілігіне негізделген білім және денсаулық сақтау саласындағы қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсайтынын мәлім етті.

"Қазақстан халқына" қорының мәліметінше, жарна сомасының кем дегенде елу пайызы (50 пайызы) Теміртау қаласында жүзеге асырылатын немесе Теміртау қаласына айтарлықтай қатысы бар жобаларға бағытталады.

Қайырымдылық бағдарламалар мен жобалар бағыттары:

  • орта білім беру ұйымдарын жетілдіру және студенттердің жоғары білім алуына шәкіртақы арқылы қолдау көрсету;
  • өңірде STEM білімін жетілдіру;
  • орфандық (сирек) аурулары бар пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
  • денсаулық сақтау мекемелерін озық медициналық жабдықтармен және медициналық сарапшылардың қызметтеріне қолжетімділікпен қамтамасыз ету.

Айта кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" ресми түрде QARMET болып өзгерген еді. Осыған дейін кәсіпорынның жаңа инвесторы қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев болғанын жаздық.

"Қазақстан халқына" қорына "АрселорМитталдан" түскен 16 млрд теңге қайда жұмсалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.