Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Евразия" СК алғаш рет жол-көлік оқиғасы бойынша еуропротоколмен төлем жасады

Опубликовано:

ЖКО
Фото: depositphotos.com

"Евразия" сақтандыру компаниясы жол-көлік апаты нәтижесінде зақымданған автокөлікке міндетті автосақтандыру бойынша еуропротокол қолдана отырып төлем жасады.

3 қаңтарда Астанада Hyundai Accent және Nissan Terrano көліктерінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Кінәлі мен зардап шегуші полицияны шақырмай-ақ, мобильді қолданбаның көмегімен еуропротокол толтырған.

"Евразия" СК онлайн жіберілген ақпаратқа сәйкес, бағалау жүргізіп, зардап шеккен тарапқа көлігін қалыпқа келтіру үшін 291 мың теңге төлем жасаған.

"Еуропротоколдың ең басты артықшылығы – төлемді полицияны шақырмастан және соттың шешімін күтпестен тез алуға болады. Жол-көлік оқиғасы болған күннен бастап сақтандыру төлемін алғанға дейін бір аптаға жуық уақыт өтті. Ал бұрын жеңіл жол-көлік оқиғасынан кейін зардап шеккен тарап сақтандыру төлемін екі айға жуық күтетін", – деп пікір білдіреді "Евразия" СК баспасөз басқармасы.

Айта кетейік, ЖКО еуропротоколды толтыру үшін келесі шарттарға сай болу керек:

  1. Зардап шеккен тарапқа төленетін төлем 100 АЕК-дан немесе 369 200 теңгеден аспауы керек;
  2. Жол-көлік оқиғасында үшінші адамның қатысуынсыз, екі тарап қана болуы керек;
  3. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келмеген болуы керек;
  4. Зардап шеккен және кінәлі екі тараптың да жол-көлік оқиғасы бойынша ортақ келісімге келуі;
  5. Екі тарапта да міндетті автосақтандыру полисі болуға тиіс.

Europrotocol мобильді қолданбасын AppStore және Google Play жүктеп алуға болады. Жыл басынан бері оны 5 мыңнан астам адам сақтап алды.

*Лицензия 26.12.2022 ҚР ҚНРДА № 2.1.20

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055457-evraziya-sk-algas-ret-zol-kolik-oqigasy-boiynsa-europrotokolmen-tolem-zasady/

pixel