2024 жылы қазақстандық жұмыс берушілер қандай жалақы ұсынып отыр
Жарияланған күні:
2024 жылы еңбек нарығы қайта жанданды. Бос жұмыс орындарының саны ғана емес, медианалық жалақы мөлшері де 262 мың теңгеге дейін өскен. Қаңтарда қандай салаларда жалақы мөлшері жоғарылады? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
2023 жылы 3-тоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстанда орташа номиналдық жалақы – 350 542 теңге болды. Бұл ретте медианалық жалақы көрсеткіші төмен болған еді – 230 924 теңге. Яғни жұмысшылардың жартысы бұл сомадан аз алады, екінші жартысы көп алатынын білдіреді.
Дегенмен Қазақстандағы жалақы мөлшері аймақ пен экономика саласына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
HeadHunter жұмыс іздеу порталы сарапшыларының айтуынша, 2024 жылдың басында елімізде бос жұмыс орындарының саны ғана емес, жұмыс берушілер ұсынатын жалақы мөлшері де айтарлықтай өскен.
"Қаңтар айының алғашқы екі аптасында жұмыс берушілер hh.kz сервисінде 40 мыңнан астам бос жұмыс орны туралы хабарлама жариялады. Өткен аймен салыстырғанда жұмыскерлерге сұраныс екі есеге өсті", – дейді сарапшылар.
Қазақстанда жұмыс берушілер көбіне сату менеджері, бухгалтер әрі сату жөніндегі кеңесші немесе кассир қызметіне адам іздейді. Дегенмен қазіргі уақытта экономиканың барлық саласында бос жұмыс орындары көбейіп жатқаны байқалады.
Жалақы мөлшері қаншалықты өсті
Жұмысшыларға деген сұраныстың өсуімен бірге елдегі ұсынылатын орташа жалақы мөлшері де 262 мың теңгеге өскен, яғни Ұлттық статистика бюросы сарапшыларының сөзіне сенсек, 2023 жылғы 3-тоқсандағы көрсеткіштермен салыстырғанда 13,46 пайызға көп.
Айта кетейік, бұл көрсеткіш әр өңірде айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалы, ең жоғары медианалық жалақы мөлшері Астанада тіркелген – 299 569 теңгеге тең. Алматыда болса бұл көрсеткіш – 289 583 теңге, Қарағандыда – 249 645 теңге.
Шымкентте медианалық жалақы мөлшері 239 569 теңге. Осының ішінде ең төменгі көрсеткіш Талдықорғанда, медианалық жалақы мөлшері небәрі – 199 716 теңге.
Сондай-ақ ұсынылатын жалақы мөлшері қызметкердің еңбек өтіліне, тәжірибесіне байланысты өзгеруі ықтимал. Сарапшылардың сөзінше, жұмыс берушілер жаңа мамандардан қарағанда тәжірибелі мамандарды көбірек бағалайды әрі орташа есеппен екі есеге көп жалақы төлеуге дайын.
Дүниежүзінде еңбек нарығы белсенді дамып келе жатыр. Кей мамандықтардың өзектілігі жоғалып, ал басқа мамандықтарға деген сұраныс, керісінше, өсе бастады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері, АЕК көлемі қалай өзгеретінін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2056722-2024-zyly-qazaqstandyq-zumys-berusiler-qandai-zalaqy-usynyp-otyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.