Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңартылған Hilux, Kia электрмобилі және басқа да жаңалықтар: №5 автодайджест

Жарияланған күні:

Көлік
Фото: depositphotos.com

Автоәлемінің өзекті жаңалықтарын ұсына отырайық. Бұл жолы назарымызға рестайлингтен өткен Hilux, Clubman моделінің ақыры, ғашықтар күніндегі автонауқан түсіп отыр.

Toyota өзінің танымал пикапын жаңартты

Hilux-тің ағымдағы сегізінші буыны кезекті рестайлингті басынан кешірді. Сыртқы түрінен басқа, пикаптың техникалық сипаттамасы да өзгерді.

Toyota "жүк көлігі" жиектерінде кәдімгі қондырмалары мен қорғаныс пластинасының ұқсатуы бар жаңа алдыңғы бамперге, "ұяшықтары" мен түпнұсқа маңдайшасы бар радитор торшасына, сонымен қатар шамдардың қара салындысына, бүйір айналарының корпустарына және есік тұтқаларына ие болды. Артқы борты демпферлермен жабдықталған.

Hilux күш агрегаттарының үйлесімінде гибрид пайда болды. Ол қуаты 204 а.к болатын 2,8-литрлік турбодизельді қозғалтқыш пен 48 вольтты стартер-генераторды біріктіреді. Соңғысы белдікті жетекті иеленеді және кішігірім литий-ионды аккумулятордан қуат алады, ал оның қайтарымы 16 а.к. және 65 Нм құрайды. Компанияда сондай-ақ электрлік қондырма отын шығынын 10 пайызға төмендетуге және шуыл мен діріл деңгейін азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңартылған Toyota Hilux сатылымының басталуы Австралияда наурыз айына белгіленген. Кейінірек пикаптың мұндай нұсқасы басқа елдерде де, соның ішінде Қазақстанда пайда болуы мүмкін.

Аты аңызға айналған Mini моделі үшін дәуірдің аяқталуы

Бавариялық BMW компаниясына тиесілі британдық бренд Clubman моделін өндіру аяқталғанын хабарлады. Бұл модельдің соңғы данасын Оксфордта зауытта шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, алғаш рет Mini Clubman 1969 жылы пайда болды. Оның заманауи нұсқасы 2007 жылы ұсынылды. 17 жыл ішінде модель екі буынды ауыстырды, ал жалпы алғанда компания 1,1 млн астам дана шығарды.

Әмбебап Mini-дің тікелей мұрагері болмайды, бірақ іс жүзінде модель Countryman және Aceman кроссоверлерін ауыстырады. Соңғысы соңғы сынақтардан өтіп жатыр және алдағы көктемде ұсынылатын болады.

Жүрегің жараланса - машинаңды бұз

Англияда машиналарды кәдеге жарату зауытында Әулие Валентин күніне орай жүрегі жараланғандар үшін арнайы ұсынысты іске қосты. Науқан "Өзіңнің бұрынғыңды кәдеге жарат" деген атауға ие болды.

Оның ниеті автомобильге махаббат қарым-қатынастары іске аспаған адамның аты жазылатынынан, содан кейін ол пресске жіберілетінінен тұрады.

"Осы бірегей қызметті ұсына отырып, бұрынғы адамынан символдық түрде құтылу адамдарға қайғыларынан біржола құтылуға көмектеседі деп үміттенеміз", - деп компанияның операциялық менеджері Дэвид Коттаун науқанға түсініктеме береді.

Қызметке кәсіпорын сайтында онлайн тапсырыс беруге болады. Бұл үшін нысанға бұрынғы адамыңның атын және айырылысу себебін жазу жеткілікті. "Жазалағаннан" кейін тапсырыс беруші фотосуреттер алатын болады.

Қазақстанда, өкінішке қарай, мұндай науқан жоқ. Бірақ бұрынғы серіктес эмоционалдық қызумен көлік құралын бүлдіру қаупі әр уақытта бар: ең жақсы жағдайда шегемен немесе бояуы бар баллоншалармен жазылған балағат сөздер болуы мүмкін, ең жаманы – битамен немесе балғамен қораптың бұзылуы. Мұндай жағдайда жөндеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге "Евразия" СК-дан SmartCasco полисі көмектеседі. Оны 50 пайыз жеңілдікпен немесе бөліп төлеп сатып алуға болады. Сақтандыру құнын есептеуді және автоКАСКО-ны сілтеме бойынша ресімдеуге болады.

Қазақстанда тағы бір электрмобиль ұсынылады

Kia жергілікті өкілдігінің сайтында модельдер қатарын жақында толықтыратыны туралы ақпарат пайда болды. EV9 электрлік кроссовері туралы сөз болып отыр.

Kia EV9 – корей брендінің желісіндегі ең ірі модельдернің бірі екенін естеріңізге саламыз. Оның ұзындығы 5 010 мм, ені – 1 980 мм, биіктігі – 1 755 мм. Салыстырып көрсек, Sorento кроссоверінің ұзындығы 4 810 мм, ал Carnival минивэні – 5 155 мм. Автомобиль салоны үш қатарлы, комплектациясының екі нұсқасымен – 6 немесе 7 орынға.

Электрмобильдің негізінде 800-вольттық борттық энергожелісімен E-GMP модульдік архитектурасы жатыр. Комплектациясына байланысты, EV9 бір немесе екі электрмоторлармен, және, сәйкесінше, артқы немесе толық жетекпен жабдықталуы мүмкін.

Біздің нарықта Kia электр кроссоверін барлық дөңгелекке жетегі бар нұсқада ұсынады. EV9 жабдықтарына сондай-ақ жүріс қорын 497 км-ге дейін қамтамасыз ететін "алысқа қатынайтын" 99,8-киловаттық батарея, жүргізушінің әртүрлі электрондық көмекшілері кіреді, жетілдірілген медиажүйе, климат-бақылау, айналаны шолу камералары және 21 дюймдік дөңгелектер кіреді.

Kia EV9 сатылымының нақты басталу күні мен құны әлі жарияланған жоқ. Олар көктемде жариялануы мүмкін.

Біз бұған дейін бұл модель Солтүстік Америкада жылдың ең таңдаулы жол талғамайтын көлігі болғанын жазғамыз.

Audi маркасы A6 Avant арнайы нұсқасын шығарады

Audi маркасы RS6 Avant ең экстремал нұсқасын көрсетті. Нұсқа GT жалғамасына ие болды.

RS6 Avant GT негізіне Performance комплектациясы және Audi 90 quattro IMSA GTO болидіне арналған RS6 GTO шоу-кары алынды. Соңғысынан универсал қызыл-қара-ақ ливреяны және автомобильді көрнекі түрде төмен етіп көрсететін алдыңғы бөліктің ресімделуін мұраға алды. GT-те капот пен қанаттар көміртекті талшықтардан жасалған. RS6 Avant сондай-ақ артқы есіктегі қосарланған спойлерге және 22 дюймдік дискілерге ие болды. Ал төбесінен рейлингтерді алып тастады.

Audi RS 6 Avant GT салоны мыс және қызыл декоративтік қондырмалармен қара түсте орындалған. Универсал сондай-ақ күшейтілген бүйірлік қолдауы бар орындықтарға ие болды, ал орталық консольдерге машинаның жеке нөмірлері бар тақтайша орнатылған.

GT техникалық жағынан RS6 Avant Performance-ке ұқсас: V-тәрізді битурбирленген "сегіздік", көлемі 4,0, 630 күш береді, 8 сатылы "автоматпен" және толық жетекпен жұмыс істейді. Алайда, карбон бөлшектерін пайдаланудың арқасында, "жүзге" дейін жылдамдықты үдетуді 0,1 сек-қа (3,3 сек) жылдамырақ алады, ал 0-ден 200 км/сағ дейін – 11,5 сек, бұл 1,5 секундқа жылдамырақ. Максималды жылдамдық 305 км/сағ белгісінде шектелген.

Штаттық түрде GT-де 10 мм-ге төмендетілген бұрандалы аспа, барынша қатты тұрақтандырғыштар және карбон-керамикалық тежегіштер тұр. Опционалды түрде болат серіппелері бар үшрежімді амортизаторлар немесе пневмоаспа қолжетімді.

Барлығы Audi 660 дана RS6 Avant GT шығаруды жоспарлап отыр. Алғашқы универсалдар үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында конвейерден шығады. Шектеулі нұсқасын 219 355 еуроға немесе бағам бойынша 107 404 323 теңгеге бағалайды.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2060183-zanartylgan-hilux-kia-elektrmobili-zane-basqa-da-zanalyqtar-5-avtodaidzest/