Жарты млн теңгеге түскен иттердің еркелігі: "Евразия" СК қаңғыбас иттерден зақымданған көлік үшін төледі
Жарияланған күні:
Алматыда қаңғыбас иттер көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында тұрған көлікке елеулі зиян келтірді. Иесі полицияға қоңырау шалып, зиянды өтеу үшін "Евразия" сақтандыру компаниясына жүгінуге мәжбүр болды.
Таңертең жұмысқа барғысы келген жаңа Chery Tiggo 7 Pro қожайыны жағымсыз "тосынсыйға" тап болды: көліктің алдыңғы жағы ұсақ жарықшақтар мен терең сызаттарға толы болған. Бәрінен де радиатор торы қатты зақымданған, тіптен бір бөлігі сынып, түсіп қалған. Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері куәгерлерден сұрақ-жауап алғаннан кейін, таңертеңгі сағат 6-лар шамасында көлікті қаңғыбас иттер зақымдағанын анықтады. Оқиға аумағы қоршалмаған көпқабатты үйдің ауласында болған.
Автокөліктің декоративтік элементтерін, қосалқы жарық құрылғыларын ауыстыру және бамперді бояу қажет болды. Дилерлік орталықтың жанындағы фирмалық сервис қызметі жөндеу жұмыстарын және кейбір бөлшектерді ауыстыруды 552 мың теңгеге бағалады. "Евразия" Сақтандыру компаниясы көлік құралына келтірілген залал үшін КАСКО ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша автомобиль иесіне төлемді жүзеге асырды.
Иттер қаңғыбас болғандықтан, иесін - жануарлардың әрекеттеріне жауапты тұлғаны анықтау мүмкін болмады. Осындай жағдайға тап болған кезде, сақтандырылмаған көлік құралының иесі кепілдігін жоғалтпау үшін көлік құралын фирмалық сервисте өз есебінен қалпына келтіруге мәжбүр болады.
КАСКО полисі иесінің кінәлі болу дәрежесіне қарамастан, ЖКО барысында ғана емес, сонымен қатар үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері- айдап әкету, вандализм, ұрлық және т. б. үшін келтірілген залал үшін төлем алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сақтандыру табиғи апаттардан – бұршақ, боран, жер сілкінісі, дауыл және басқа да төтенше табиғи құбылыстардан болған шығындарды өтейді.
Қаңғыбас және жабайы жануарлар көбінесе Қазақстан трассаларында, әсіресе Батыс және Оңтүстік Қазақстанда - жылқы мен түйе өсіру аймақтарында жиі ауыр жол-көлік оқиғаларының орын алуына себеп болатынан айта кеткен жөн болар.
SmartCASCO ерікті автосақтандыру бағдарламасы бойынша полисті eurasia36.kz сайтында немесе "Евразия" СК кеңселерінде 50 пайыз жеңілдікпен ресімдеуге, шарттарды таңдауға және құнын дербес есептеуге болады. 11 айға дейін бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігі де бар.
*26.12.2022 ж. № 2.1.20 ҚНРДА лицензия.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2062988-zarty-mln-tengege-tusken-itterdin-erkeligi-evraziya-sk-qangybas-itterden-zaqymdangan-kolik-usin-toledi/