Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автодайджест №6: ең сенімді маркалардың рейтингі, бесінші сериялы кезекті BMW және басқа да жаңалықтар

Опубликовано:

Volkswagen GTI
Фото: depositphotos.com

Бавариялық автоөндіруші, шамамен бір жыл бұрын, 5-Series жаңа буын седанын, соның ішінде толық электрлік нұсқасын, ұсынды. Бұл үйлесімдікті Тouring нұсқасы толықтырды.

Алдыңғы буынмен салыстырғанда универсал BMW 97 мм-ге ұзынырақ, 32 мм-ге кең және 17 мм-ге биік. Енді оның габариттік ұзындығы, ені мен биіктігі сәйкесінше 5 060 мм, 1 900 мм және 1 515 мм құрайды. Бұл ретте багаж бөлімінің көлемі қалыпты жағдайда өзгеріссіз қалды – 570 л, ал артқы орындықтар бүктелген кезде көрсеткіш 1 700 л дейін өседі.

5-Series Touring, жүксалғыштан басқа, модельдің төрт есікті нұсқасынан радиатордың сәл үлкейтілген торымен, өзге же жүріс шамдарымен және L-тәрізді артқы оптикамен ерекшеленеді. ІЖҚ бар универсал "базасына" 18-дюймді дискілер, гибрид пен электричкаға – 19-дюймді дискілер салынған, ал қосымша ақыға 21-дюймдік дискілер орнатуға болады. Интерьері жаңа буындағы седанмен бірдей.

Универсалдың барлық күштік қондырғылары сондай-ақ жаңа BMW 5-Series бойынша да таныс. Touring таңдауға сәйкесінше, 48-вольтты статер-генератормен толықтырылған, қуаты 197 және 295 а.к. болатын 2,0- және 3,0-литрлік турбодизель, сонымен қатар көлемі 2,0 л бензинді турбомотор негізіндегі 299-күшті зарядталатын гибрид және 335 және 593 күшке арнал,ан электрлік нұсқаларын ұсынады. ІЖҚ бар барлық орындаулар 8-сатылы "автоматпен" жабдықталған.

Еуропалық және жапондық шоу-румдарда BMW 5-Series Touring осы жылдың мамыр айында пайда болады. Германияға арналған баға қазірдің өзінде белгілі - 61 750 еуро, немесе ағымдағы бағам бойынша 29 917 792 теңге. Универсал жөніндегі ақпарат қазақстандық нарықта әлі жоқ.

Lexus және Toyota тағы да сенімді маркаларға айналды

J.D. Power аналитикалық агенттігі кезекті рет АҚШ-тағы автомобильдердің сенімділік рейтингін жасады.

Талдауға жасы үш жылдан аспайтын 30 595 автокөлік иелері қатысты. Сарапшылар тоғыз санаттағы ақаулардың 184 түрін есепке алады, нәтижесінде 100 автомобильге шаққандағы проблемалар санын келтіреді — PP100 (problems per 100).

Екінші жыл қатарынан рейтингтің көшбасшысы Lexus болды. Бұл маркаға 100 машинаға 135 ақау сәйкес келеді. Премиум автомобильдер арасында екінші орынды Porsche иеленді – 100 машинаға 175 шағым. Үштікті BMW қорытындылайды (100-ге 190).

Жаппай сегментте алғашқы үш орынды Toyota, Buick, Chevrolet және Mini бөлісті. Олардың көрсеткіштері - сәйкесінше 100 көлікке 147, 149 және 174 шағым.

Талдаушылар машиналардың сапасы төмендеп келе жатқанын атап көрсетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шағымдардың орташа санының 186-дан 190-ға дейін ұлғаюымен дәлелденеді. Шағымдардың көпшілігі күрделі мультимедиялық жүйелер мен күштік қондырғының электрлік бөлігіне түседі.

Автокөлік иесіне айдап әкетілген Land Cruiser 200 қайтарылды

Полиция қаңтар айының соңында орын алған Ақтөбе тұрғынының жол талғамайтын көлігін айдап әкеткен екі күдіктіні ұстады.

Ведомствода хабарлағандай, олардың бірі жәбірленушімен таныс болған: бір жыл бұрын жәбірленуші оған сигнал беру құрылғысын орнатуды сеніп тапсырған.

Иесі өзінің Toyota көлігін 25 млн теңгеге сатып алған. Және егер полиция қылмысты ашпаса, онда ол үлкен қаржылық шығындарға ұшыраған болар еді. Оларды болдырмауға "Евразия" сақтандыру компаниясының SmartCasco полисі көмектеседі. Оны 50% жеңілдікпен сатып алуға болады немесе бөліп төлеп алуға болады. Сілтеме бойынша сақтандыру құнын есептеуге және автоКАСКО ресімдеуге болады.

"Зарядталған" Golf "механикадан" айырылады

Volkswagen механикалық беріліс қорабы бар жаңартылған Golf шығаруды жоспарламайды. Бұл туралы Motor1 басылымына жазған хатында неміс маркасының солтүстік америкалық кеңсесінде хабарлады.

Бұл ретте Еуропада тек "орботпен" ұсынылған GTI нұсқасы туралы ғана емес, сонымен бірге Golf R жедел модификациясы туралы сөз болып отыр.

Еуропа мен АҚШ-та үш педальды Volkswagen хот-хэтч-ті осы жылдың соңына дейін сатып алуға болады. Бірақ Қазақстанда ресми дилердің сайтында модель ұсынылмаған.

Stellantis 300C мұрагерін меңзеді

Chrysler компаниясы өткен жылы өндірістен алынған 300С седанына ұқсас Halcyon концепт-карын ұсынды.

Stellantis-тің техникалық сипаттамалары аз ашылды. Halcyon-ның негізіне STLA Large модульді платформасы алынған, ал литий-күкірт батареясы 800-вольтты болады.

Chrysler жабдығына STLA AutoDrive төртінші автономдылық деңгейінің автопилоты, ақылды STLA SmartCockpit кокпиті және STLA Brain жасанды интеллекті кіреді.

Halcyon-ның сыртқы көрінісі мен салонына келетін болсақ, ол орталық тіректері жоқ және әртүрлі бағытта ашылатын есіктері бар лифтбектен тұрады. Сонымен қатар, шатыр панельдері шағала қанатының стилінде жоғары көтеріліп, Т-тәрізді пішін құрайды. Төрт жеке креслолары бар интерьердің өзі экологиялық таза қайта өңделген материалдардан жасалған.

Chrysler Halcyon сериялық нұсқасы қашан ұсынылатыны туралы ақпарат әлі жоқ. Электрокар платформасы 2026 жылы қолданыла бастайтыны ғана белгілі, ал 2028 жылға қарай марканың барлық модельдері электрлік болады. Дәл осы кезеңде өндірістік модель пайда болуы мүмкін.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2061677-avtodaidzest-6-en-senimdi-markalardyn-reitingi-besinsi-seriyaly-kezekti-bmw-zane-basqa-da-zanalyqtar/

pixel