jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Қытайлық жастар ірі қалалардан жаппай кетіп жатыр: сарапшылар себебін айтты

    Қытай
    Қытай. Көрнекі сурет: pexels.com

    Сарапшылардың айтуынша, Қытай кері көші-қонды бастан кешуде. Мегаполистердің экономикалық құлдырауы халықты шағын қалаларға оралуға мәжбүрлеп жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қытайдың мегаполистеріндегі экономикалық құлдырау жұмыстан шығарудың өсуіне және қолжетімді жұмыс орындары үшін қатаң бәсекелестікке түрткі болды. Сондықтан жастар үлкен қалаларды тастап, шалғай өңірлерге қайтып оралуда.

    Колледж түлектері мен мамандар ірі қалаларда жалақысы жоғары жұмысқа тұруға тырысады. Алайда Шанхайдағы MetroDataTech консалтинг компаниясының деректері Шанхай мен Шэньчжэньде 2023 жылы кадрлардың айтарлықтай жетіспей жатқанын көрсетеді.

    UBS Evidence Lab жүргізген сауалнамаға сәйкес, шағын қалалардағы тұтынушылардың ай сайынғы шығындары 2023 жылдың екінші жартысында барлық санат бойынша өсті, ал үлкен қалаларда керісінше болды. Шағын қалаларда шай мен кофені тұтыну жиілігі бұрынғы UBS зерттеуімен салыстырғанда айтарлықтай өсті.

    "Шағын қалалардағы жастардың өмір сүру құны соншалықты жоғары емес, сондықтан олардың кофеханаларға барып, тамақтануға мүмкіндігі бар" - деді Yum China Holdings бас атқарушы директоры Джои Вот Bloomberg-ке берген сұхбатында.

    Сонымен қатар шағын қалалардағы тұрғын үй бағасы мегаполистерге қарағанда айтарлықтай төмен, бұл да аймақтардың тартымдылығын арттырады.

    Қытайлық жастар ірі қалалардан жаппай кетіп жатыр: сарапшылар себебін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.