Бай қытайлықтар Жапонияға жаппай қоныс аударуда
Жарияланған күні:
Қытайдың ауқатты азаматтары өз елінде көрген қысымның кесірінен Жапонияға жаппай көшіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайдағы экономикалық құлдырау мен тұрғын үй нарығындағы қиындықтар бай азаматтарды өз елдерінен кетуге мәжбүрлеп отыр. Олардың көбісі АҚШ, Канада және Сингапурға қоныс аударуда, дегенмен Жапония Қытайдан бірнеше сағаттық жерде орналасқандықтан, бұл ел де тартымды бағыттардың бірі.
Бұған қоса, Жапониядағы жылжымайтын мүлік бағасы қазіргі уақытта иеннің әлсіреуі салдарынан төмендеп кетті. Тағы бір маңызды фактор – жапон жазуының ішінара қытай иероглифтеріне ұқсайтындығы. Сондықтан көшіп келгендердің жергілікті өмірге үйреніп кетулері де оңайырақ.
Жаһандық көші-қон үрдістерін қадағалайтын Henley & Partners есебінде бір жыл ішінде барлығы 13 500 ауқатты Қытай азаматы шетелге қоныс аударады.
Сонымен бірге, 2023 жылдың аяғында Жапонияда шамамен 822 мың қытайлық тұрып жатты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 60 мың адамға көп.
Осының аясында Токиодағы жаңа жылжымайтын мүлік бағасы 2023 жылы 40 пайызға өсті. Мигранттардың басты проблемасы – олардың елден шығаратын соманың шектелуі болуы, сондықтан көптеген бай Қытай азаматтары шетелде есепшоттары бар халықаралық компаниялар ашып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2095007-bai-qytailyqtar-zhaponiiaga-zhappai-qonys-audaruda/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.