Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай Хайнаньді әлемдегі ең үлкен бажсыз аймаққа айналдыруды жоспарлап отыр

Опубликовано:

Хайнань
Хайнань. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытай билігі курорттық аралды әлемдегі ең үлкен бажсыз аймаққа айналдыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Financial Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қытай көлемі Бельгиямен бірдей Хайнань тропикалық арал провинциясын әлемдегі ең үлкен бажсыз сауда аймағына айналдырмақшы. Мұндай шешімді ел билігі тұтынушыларды сәнді тауарларды сатып алуға қызықтыру және отандық экономиканың дамуын ынталандыру мақсатында қабылдады.

Саясаткерлер келесі жылдан бастап жеке кедендік жүйесі бар бірыңғай бажсыз сауда аймағын құруды жоспарлап отыр. Көбінесе қытайлық юрисдикцияларының сатып алушылары шетелдік сәнді тауарларға жоғары салықтар төлейді. Енді төмен салық немесе бажсыз сауда аймақтары ерекше тартымды болмақ.

Бейжің Хайнанды Оңтүстік Кореядағы Чеджу аралымен, сондай-ақ Еуропадағы бажсыз дүкендермен бәсекелесе алатын ішкі тұтыну қозғалтқышына айналдыруға үміттенеді.

Билік қазірдің өзінде кейбір компаниялар үшін Хайнаньдағы табыс салығының мөлшерлемесін 25 пайыздан 15 пайызға дейін төмендетіп, кейбір тауарларға импорттық баж салығын алып тастады. Олар сондай-ақ 59 елдің азаматтары үшін аралға визасыз кіруді енгізді. Келесі жылы жеке кеден аймағын құру жоспарлары Хайнаньдағы сәнді тауарларға салынатын салықты бұдан әрі төмендетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2099525-qytai-hainandi-alemdegi-eng-ulken-bazhsyz-aimaqqa-ainaldyrudy-zhosparlap-otyr/