Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазғы Kaspi Жұма 21, 22 және 23 маусымда өтеді

Опубликовано:

Kaspi Жұма
Сурет: Kaspi.kz

21-23 маусымда Kaspi.kz-те қазақстандықтар үшін сүйікті "мерекеге" айналған Kaspi Жұма науқаны өтеді.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

"Жаз - әрқайсымыз үшін белсенді маусым. Сүйікті клиенттеріміз үйлеріне жөндеу жүргізеді, саяжайларын абаттандырады, спортпен шұғылданады, отбасымен және достарымен демалысқа аттанады. Сондықтан Kaspi Жұманы жазда өткізейік деп шештік. Мерекеге дәстүрлі түрде қазақстандық және халықаралық жетекші брендтер, сондай-ақ бүкіл ел бойынша үздік дүкендер қатысады. Сүйікті клиенттеріміздің керемет сауда жасауына, серіктестер саудасының табысты болуына тілектеспіз!"

Саяжай бассейндерін, мангалды, ыдысты, велосипед пен роликті, ең жақсы курорттарға тиімді турларды, сондай-ақ құрылыс тауарларын, тұрмыстық техниканы, электрониканы, киімді, аяқкиімді, әшекей бұйымдарды және тағы басқасын Kaspi Жұмада еліміздің танымал дүкендерінен және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен сатып алуға болады. Сатып алушыларға сатып алған заттарын есігіне дейін немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа тегін жеткізеді.

Мерекеге шағын және орта бизнестің он мыңдаған компаниясы, сондай-ақ Adidas, ADILI, Alina Group, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Intertop, Invictus, Қазақювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, Mon Amie, Leroy Merlin, Nike, Pandora, Qazaq Republic, RESPECT, Sportmaster, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit, 12 МЕСЯЦЕВ сияқты жетекші қазақстандық және әлемдік брендтер және тағы басқасы қатысады.

Әр Kaspi Жұмаға қазақстандық кәсіпкерлер – Kaspi.kz-тің серіктестері көптеп қатысуда. Отандық компаниялар үшін бұл сату көлемін бірнеше есеге арттыруға, дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

*Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің банк және басқа да операцияларды және құнды қағаздар нарығында қызмет жүргізуге 2020 жылғы 03 ақпанда берген №1.2.245/61 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2114850-zhazgy-kaspi-zhuma-21-22-zhane-23-mausymda-otedi/