Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kia көлігіне ағаш бұтақтары құлаған: "Евразия" СК автокөлікке келтірілген зақым үшін 1,3 млн теңге төледі

Жарияланған күні:

Ағаштың көлікке құлауы
Көрнекі фото: depositphotos.com

Алматыда дауыл салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің ауласында тұрған бірнеше көлік зардап шекті, қатты соққан желдің салдарынан оларға құрғақ ағаштың бұтақтары түскен, деп хабарлайды "Евразия" Сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі. Зақым келген автокөліктердің арасында алты ай бұрын автосалоннан сатып алынған KIA Cerato болды, КАСКО ерікті сақтандыру полисінің арқасында оның иесі сақтандыру төлемін алды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Сақтандыру жаргондарын демистификаттау. 2-бөлім: заңды тұлғалардың мүлкі

Зардап шеккен KIA-ны тексерген бағалаушы мамандар автомобильдің есіктерінде,жүк салғышында, қанаттарында көптеген майысулар мен ұсақ зақымдануларды анықтады, сонымен қатар бампер, бүйір айна және артқы фонарь зақымданған. Сақтандыру төлемінің мөлшері 1,3 млн теңгеден асты.

"Дауылды желдің салдарынан автокөліктің зақымдануы сирек кездесетін жайт емес. Өткен жылдың өзінде бізге отыздан астам клиент төлемдер алу үшін жүгінді, олардың көліктеріне ағаштар мен олардың бұтақтары, шатырдың сынықтары мен қасбеттің қаптамалары және тіпті жарнамалық маңдайша да түскен. Тіпті жабық тұрақтың болуы толық қорғауға кепілдік бере алмайды, өйткені ол су астында қалуы мүмкін. КАСКО полисі автомобильді дүлей апаттан қорғамайды, бірақ оның иесін күтпеген қаржылық шығындардан қорғайды", - деп мәлімдеді "Евразия" сақтандыру компаниясы өкілдері.

Ойықтар
Фото: "Евразия" СК

Заң көлік құралдарын пайдалану үшін жүргізушілерді міндеттейтін міндетті автосақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) жол қозғалысының зардап шеккен қатысушылары алдындағы жауапкершілікті ғана өтейтінін және иесінің көлігін қорғамайтынын есте ұстаған жөн.

Жүргізушінің ЖКО кінәсіне қарамастан сақтандыру төлемін тек КАСКО полисі ғана қамтамасыз ете алады. "Евразия" СК-нан мұндай автосақтандыру автомобильді табиғи апаттардың: дауылдың, су тасқынының, қар басудың, бұршақтың, өрттің және басқалардың зардаптарынан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен – өртеуден, айдап әкетуден, вандализмнен, алынбалы бөлшектерді ұрлаудан қорғайды.

"Евразия" СК кеңселерінде немесе eurasia36.kz сайтында SmartCasco бағдарламасы бойынша полисті 50% жеңілдікпен рәсімдеуге, шарттарды таңдауға және сайтта құнын есептеуге болады. 11 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Евразия" СК бұршақтан зақымданған автокөліктің иесіне төлем жасаған болатын. Жақында су тасқыны салдарынан су басқан автомобильдердің иелерінен төлемдерге өтініштер келіп түсуде. Тас жолдарда автокөліктің малмен соқтығысуы да сирек емес жағдай, ал жақында Алматы аулаларының бірінде қаңғыбас иттердің тобы тұрақта тұрған автокөлікке жарты миллион теңгеден астам шығын келтірген.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2119341-kia-koligine-agash-butaqtary-qulagan-evraziia-sk-avtokolikke-keltirilgen-zaqym-ushin-1-3-mln-tengge-toledi/