Сақтандыру жаргондарын демистификаттау. 2-бөлім: заңды тұлғалардың мүлкі
Жарияланған күні:
Мүлікті сақтандыру қазақстандықтардың өмірінде өз орнын баяу болса да, нақты алып отыр. Кез келген сақтандыру шарты өте күрделі кәсіби терминологиямен бірге жүреді, оны қарапайым адамдар ғана емес, тіптен кәсіби бухгалтерлер мен қаржы директорлары да түсіне бермейді, деп хабарлайды "Еуразия" сақтандыру компаниясы мамандары.
Алдыңғы материалда біз жеке тұлғалардың мүлкін сақтандыру барысында қолданылатын ең көп таралған терминдер туралы жаздық. Бірақ табиғи апаттар мен техногендік факторларды сақтандыру үшін тұрғын үй ғана емес, сонымен қатар коммерциялық жылжымайтын мүлік – сауда алаңдары, қоймалар, кеңселер және т.б. қажет.
"Евразия" СК мүлікті сақтандыру кезінде кездесетін терминдерді түсінуге көмектеседі. Бұл материал жаңадан бастаған кәсіпкерлерге де, өз ісімен көптен бері айналысып жүрген, бірақ жақында ғана өз бизнесі үшін сақтандыру арқылы қорғауды сатып алу туралы ойлана бастағандар үшін де пайдалы болмақ.
Жылжымайтын мүлік – жер, ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар - жалпы алғанда, көшеттер мен ағаштарды қоспағанда, орын ауыстыруы елеулі залал келтірмей мүмкін емес барлық мүлік.
Жылжымалы мүлік – жылжымайтын мүлікке жатпайтын барлық мүлік. Мысалы, көлік құралы, жабдық, жиһаз және техника, тауар-материалдық құндылықтар және сол сияқтылар.
Баланстық құн – белгілі бір күнге бухгалтерлік баланста көрсетілетін амортизацияны (тозуды) шегергендегі мүліктің құны.
Нарықтық құны – мүлікті сатуға болатын ең ықтимал баға. Көбінесе нарықтық және баланстық құн айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
Сақтандыру тәуекелі – ол туындаған жағдайда сақтандыру жүргізілетін болжамды оқиға. Бұл назар аудару қажет болатын кез келген келісімшарттың ең маңызды бөліктерінің бірі. Әдетте шарт бойынша сақтандыру тәуекелдерінің тізіміне жер сілкінісі, дүлей апат (бұршақ, көшкін, дауыл, қар көшкіні және басқалар), үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері (ұрлық, бұзу, қарақшылық, тонау), жарылыс, найзағай түсу, өрт, су басу және т. б. Әдетте, сақтандыру шартында нәтижесінде мүлікке зиян келтірілген әскери іс-қимылдар немесе қоғамдық тәртіпсіздіктер сақтандыру жағдайлары болып табылмайтындығы бөлек көрсетіледі.
"Зақымдану" тәуекелі - нәтижесінде қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан орынды болатын сақтандыру жағдайының салдарынан мүліктің зақымдануы.
"Жойылу" немесе "Жоғалу" тәуекелі – нәтижесінде қалпына келтіру жұмыстарының сомасы нарықтық құннан асатын сақтандыру жағдайының салдарынан мүліктің зақымдануы.
Сақтандыру қаржылық тұрақтылықтың маңызды құралы болып саналады, ал кейде күтпеген жағдайларға: ауа райы құбылыстары, апатты оқиғалар немесе техногендік оқиғаларға байланысты қиын жағдайларға тап болған бизнестің аман қалуының жалғыз мүмкіндігі болады.
Заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікті сақтандыру туралы толық ақпаратпен "Евразия" СК сайтында танысуға және өтінімді қалдыруға болады. Мына жерден тұрғын жылжымайтын мүлікті сақтандыру туралы ақпаратты алуға, сақтандыру құнын есептеуге болады.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2181645-saqtandyru-zhargondaryn-demistifikattau-2-bolim-zangdy-tulgalardyng-mulki/