Зектілері

Қазақстандықтар орта есеппен қанша табыс табатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық статистика бюросы былтыр жалақының медианалық мәні мен атаулы жалақының орташа мәні қанша теңген болғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2024 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 308 717 теңгені құраған. Шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2024 жылғы IV тоқсанда 434 982 теңгені құраған. 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 10,5 пайызға, нақты мәнде – 1,8 пайызға өскен.

"IV тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты", - деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросының өкілдері.

2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс (32,8 пайызға өскен), ауыл, орман және балық шаруашылығы (22,7 пайызға өскен), жылжымайтын мүлікпен операциялар (20,3 пайызға өскен) салаларында байқалған. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 7,6 пайызға, білім беруде орташа айлық жалақы– 5 пайызға өскен.

Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы және Шымкент қаласында (13,6 пайызға), сондай-ақ Қарағанды (13,2 пайызға), Солтүстік Қазақстан (12,9 пайызға) және Ақтөбе облыстарында (12,6 пайыз) байқалған.

2024 жылғы IV тоқсандағы орташа айлық жалақы
2024 жылғы IV тоқсандағы орташа айлық жалақы. Фото: Ұлттық статистика бюросы

Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы IV тоқсанда 2,1 есені құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2219454-qazaqstandyqtar-orta-eseppen-qansha-tabys-tabatyny-belgili-boldy/