Байқоңыр ғарыш айлағынан "KazSat-3" жер серігі ұшырылды
Жарияланған күні:
Бүгін, 28 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан үшінші ұлттық геостационарлық байланыс және тарату "KazSat-3" жер серігі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды BNews.kz.
Фото Роскосмоса
"Бриз-М" үдеткіш блогымен "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №81 алаңынан Қазақстанның "ҚазСат-3" және Ресейдің "Луч-5В" ғарыш аппараттарын алып ұшты. "ҚазСат-3" ғарыш аппараты телекоммуникациялық ретранслятор жер серігі және Қазақстанның аумағында және жақын мемлекеттерге байланыс, телетарату және жылдамдығы жоғары интернетке қол жетімділік қызметін көрсетуге арналған.
Ғарыш аппараты "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-ның тапсырысы бойынша жасалынған және ол Қазақстан Республикасының байланыс және телетаратудың ұлттық ғарыштық жүйесін құру жөнінджегі жобаны іске асырудың кезекті сатысы. KazSat-3 жер серігінде Ku-диапазонды 28 транспондер орнатылған.
Олар Қазақстан аумағында байланыс қызметін көрсетеді. Ғарыш аппаратының белсенді жұмыс істеу мерзімі 15 жыл. Қазіргі таңда Қазақстанда 2011 жылы 16 шілдеде орбитаға жеткізілген бір телекоммуникациялық KazSat-2 ғарыш аппараты бар.
"Луч-5В" ғарыш аппараты - Ресейдің 2006-2015 жылдардағы ғарыш бағдарламасы бойынша жасалған "Луч" көп функциональды ретрансляциялау ғарыш жүйесінің үшінші аппараты. Ол ХҒС-ның Ресейге тиесілі бөлігін, орбитаның төменгі тұсындағы ғарыш аппараттарын, зымыран тасығышты, үдеткіш блоктарын жердегі стансамен байланыстыруға арналған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/311671-bajkonyr-garysh-ajlagynan-kazsat-3-zher-serigi-yshyryldy/