jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Наурызбай батыр ауданы Алматыға қандай өзгерістер ала келеді

    : UGC

    Төрт ай бұрын құрылған Алматының жаңа ауданы тұңғыш рет көпшілік алдына шықты. Наурызбай деп атау алып, қаланың сегізінші ауданы болған әкімшілік аймақтың негізгі жоспары әлі жобалануда.

    Алайда жаңа ауданның құрылуымен қоса жаңа дау-дамай мен түрлі әлеуметтік шиеленістер де туындаған еді.

    Мәселен, көптен бері жер дауы шешілмей келе жатқан Наурызбай ауданындағы Шұғыла елдімекенінде 153 гектар жер телімі бұрынғы Каменский сиыр зауытының қызметкерлеріне бөліп беріліпті. Алайда бұл аумақ қалаға қосылғалы қожайын көбейіп, жер дауы өршіген.

    Наурызбай ауданының әкімі Қашқымбаев мырза да "Шұғыла" мәселесі бас ауруына айналғанын жасырмайды.

    "Ол жердің иелері бар заңды түрде "газдевелопмент" деген. Сол фирманың атында. Бірақ біз біраз жерді өкіметке қайтарып, сол жерге біздің әлеуметтік нысандарымыздың құрылысын бастаймыз деген жоспарымыз бар. Салынған үйлер үлкен бір проблема болып тұр", - дейді Қуанышбек Қашқымбаев.

    Әкім мырза алдағы 2 айда бұл мәселе толықтай шешімін табады дегенді жеткізді. Бірақ қалай шешілетіні жайын тарқатпады. Естеріңізге сала кетсек, Шұғылада 1200-дей адам жер телімдерін иеленіп, көпшілігі құрылыс бастап кеткен.

    Бірнеше мәрте жергілікті әкімдікке де барып, мәселені шешуін талап еткен тұрғындар еш нәтижеге қол жеткізе алмаған. Бүгінде олар өз мақсаттарын айқындап алған.

    "200-дей үй бар, құйылған фундаменттер бар. Оған органнан келген адамдар бар, әкімдіктің адамдары бар, ары қарай жұмыс жасатпай жатыр ғой халыққа. Олар бізге бермейміз деген жағдайда қандай шараға болсын барамыз біз. Қандай жағдаймен болсын аламыз біз", - дейді Шұғыла ауданының тұрғыны Айбек Естемісов.

    Басшылыққа ренжіп отырған тек шұғылалықтар емес, аталған ауданның Қалқаман ықшам ауданындағы тұрғындар да мұңын шағуда.

    Мұнда құбыр алмастыру жұмыстары тым баяу әрі сапасыз жүргізілуде деген халық көше жолдары опырылып жатыр деп дабыл қаққан. Аудан әкімі бұл келеңсіздік те осы айдың соңында шешілетінін жеткізді.

    Оның айтуынша, кеткен кемшіліктер жауын кезінде белгігі болған. Сол кемшіліктер қазан айының аяғына дейін шешіледі екен. Ол он алты ұйым басшыларымен өткен аптада кездесіп, олардан кестені алғанын айтады.

    Бұдан өзге, аудандағы ауыз су, жол мәселесі, инфрақұрылым нысандары рет-ретімен жүзеге асуда дейді аудан басшысы.

    Төрт айда ауқымды іс тындырылмайтынын тілге тиек еткен Қуанышбек Қалиұлы алдағы уақытта Наурызбай ауданына қарай қаладағы негізгі көшелерді созу жұмыстары басталатынын айтты.

    Олар Абай, Төле би, Шаляпин көшелері. Әкім мырза журналистермен жыл соңына дейін тағы жүздесіп, есеп беремін деп уәде берді.

    Наурызбай батыр ауданы Алматыға қандай өзгерістер ала келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.