jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Мемлекет басшысы «Парыз» жеңімпаздарын марапаттады

    : Facebook

    Қазақстан – нарықтық экономикасы бар әлеуметтік мемлекет. Ел экономикасын өсірудің бірден-бір жолы – халықтың табысын арттыру.

    Бұл, ең алдымен, бизнесті дамыту, кәсіпкерлерімізді нығайту, жұмыс орындарын ашу, т.б. көптеген факторларға байланысты.

    Айта кету керек, республикамыздағы ірі компаниялар нығайып, шағын және орта бизнес қатары көбейіп келеді. Оларды ынталандыру бағытында мемлекеттің атқарып жатқан жұмыстары баршылық.

    Сондай бір іс-шаралардың бірі бүгін Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

    Мемлекет басшысы «Парыз» жеңімпаздарын марапаттады
    : Twitter

    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

    Мемлекет басшысы «Парыз» жеңімпаздарын марапаттады
    : Instagram

    Биылғы байқауға 446 компания қатысуға ниет білдірді. Олардың басым көпшілігі, яғни 305 кәсіпорын шағын және орта бизнестегі компаниялар.

    Нәтижесінде арнайы комиссия шешіміне сәйкес бас жүлде «Еуразиялық топ» ЖШС еншісіне бұйырып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды.

    Мемлекет басшысы «Парыз» жеңімпаздарын марапаттады
    : Facebook

    Бизнесмендер «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын», «Еңбекпен қамту саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық келісімшарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинацияларымен марапатталды.

    Мемлекет басшысы «Парыз» жеңімпаздарын марапаттады
    : Facebook

    Мемлекет басшысы «Парыз» жеңімпаздарын марапаттады
    : Facebook

    Мемлекет басшысы «Парыз» жеңімпаздарын марапаттады
    : Facebook

    «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Абзал және К», «Ютария» ЖШС, «Ақтөбе рельсбелағаштық зауыт», «Ильинское» ЖШС, «Темірлан» ЖШС, «Павлодар политехникалық жоғарғы колледжі» жеңіске жетті.

    «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпкерік субъектілері арасында «Ақсайгазқызмет» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, ал орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Агрофирма «Іздеу» ЖШС, «Агрофирма «Қарқын» ЖШС және «Жаңақорған санаторийі» АҚ марапатқа лайық деп танылды.

    «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында көшбасшы ретінде ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «С.М. Кирова атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «Kaz M-I» ЖШС мен «Силикат» ЖШС. Орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС, «АлбаСтройДор» ЖШС және «Сапа Строй Сервис және К» ЖШС.

    «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Байкен-U» ЖШС, «АЭС Өскемен ЖЭО» және «Филип морис Қазақстан» ЖШС, «Орал сауда-өндіріс палатасы» ЖШС, «Амангелді газ» ЖШС мен «Изолит» ЖШС марапатталды.

    Мемлекет басшысы «Парыз» жеңімпаздарын марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.