jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға несие беруге тыйым салу ұсынылды

    : Original

    Шымкентте жас депутаттар 21 жасқа толмағандарға несие беруге тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев жастармен кездесті. Өзінің жас әріптестерімен кездесуден алған әсерімен депутат әлеуметтік желіде бөліскен.

    Әлтаевтың айтуынша, жас депутаттар 21 жасқа дейінгілерге несие, қарыз беруге тыйым салдуы ұсынды. Депутаттардың дерегінше, ауылдан қалаға оқуға келген жастар қаржылық сауаты болмастан, микроқаржылық ұйымдардан үлкен пайызбен қарыз алады. Оны қайтару студенттер үшін қиын болмақ

    Халық қалаулысының айтуынша, тұрақты табысы мен жұмысы жоқ студенттердің ұрлық, тонау, тартып алу сияқты қылмыс жасауы осыдан шығады.

    Еске сала кетсек, бұған дейін 2020 жылдан бастап кімге кредит берілмейтіні белгілі болған.

    2020 жылдың қаңтарынан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы, микроқаржылық қызмет пен салық салуды реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң күшіне енді.

    Осыған байланысты кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз несие берілмейді.

    2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде бекітілген

    Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға несие беруге тыйым салу ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.