jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Отбасы банкі" елорданың жастарына қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті

    Үй
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    "Отбасы банкі" Instagram желісіндегі ресми парақшасында Нұр-Сұлтан жастарына қатысты жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    "Құрметті елорданың жас мамандары. Сіздер үшін жақсы жаңалық. "Отбасы Банкі" АҚ мен "Нұр-Сұлтан" әкімдігі арасында "Елорда жастары" жаңа бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру туралы келісім жасау жоспарлануда. Қазірдің өзінде депозиттер ашып, армандаған пәтеріңізге ақша жинай бастаңыз деп кеңес береміз", - деп жазды "Отбасы банкі".

    Банктің ресми парақшасында "Елорда жастары" бағдарламасының алғышарттары да жарияланды:

    • Несиенің максималды сомасы 13 миллион теңгеге дейін
    • Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5%
    • Алғашқы төлем 10% -дан
    • Несиенің максималды мерзімі - 25 жылға дейін
    • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі.

    Бағдарламаның басталуы туралы ақпаратты банктің Instagram парақшасынан білуге болатынын алға тартқан "Отбасы банкі" жастарға қатысты жобаның бүгінде қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

    Толығырақ ақпаратты банктің кеңес беру орталықтарынан да алуға болады.

    Еске салсақ, бұған дейін елорда жастарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын жазған едік.

    Бұл туралы "Отбасы банкі" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Facebook желісінде өткен тікелей эфир кезінде айтқан болатын.

    Ләззат Ибрагимова бұл бағдарламаға ең бірінші кезекте елордада еңбек ететін, алайда кезекке тұра алмай жүрген жастарды қосуды көздеп отырғандарын алға тартқан еді.

    "Отбасы банкі" елорданың жастарына қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.