jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда қандай банкноттар жиі қолдан жасалатыны хабарланды

    Теңге
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда бірінші тоқсанда 237 жалған ақша белгісі анықталған. Номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жиі қолдан жасалатын болып шықты деп жазады Sputnik Қазақстан.

    2021 жылдың қаңтар-наурызы аралығында Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 237 жалған ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анықтады. Олардың жалпы сомасы 760 950 теңгені құрайды. Былтыр дәл осы кезеңде қолдан жасалған 226 банкнот табылған болатын.

    "Осы жылдың бірінші тоқсанында жиі қолдан жасалған ақша – номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар болды, тиісінше 65% және 23%. Басқа банкноттар мен монеталардың үлесі – 12%. Жалған банкноттардың дені Алматыда дайындалса, ең азы Қызылорда мен Жамбыл облыстарында  анықталды", - деді Ұлттық банктің банкноттар мен монеталар сараптамасы басқармасының бастығы Асхат Әбішев.

    Ол түпнұсқа банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін оның бірнеше белгісін білу жеткілікті екенін айтты.

    Жалған банкнотты қалай ажыратуға болады

    Қазақстанда жалған банкноттардың басым бөлігі жеңіл технологиямен жасалады. Олар түпнұсқадағы негізгі белгілерді тек имитациялаумен ғана шектеледі. Яғни, арнайы жабдықсыз-ақ жалған банкнотты қолмен ұстап, мұқият қарап та анықтауға болады.

    Түпнұсқа банкноттың бірнеше айрықша белгісі бар:

    • ол өзіне тән ерекше шытырлайды;
    • арнайы рельефі бар;
    • көру қабілеті нашар адамдар үшін саусақ ұшымен ажыратуға болатын белгілер басылған.

    Сонымен қатар 1000, 2000, 5000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттарда түс өзгертетін бояумен жағылған бейнелер бар. Көлбеу бұрышын өзгерткен кезде өрнек түсі жасылдан алтынға өзгереді. Бұдан бөлек, жазуы бар пунктир түріндегі тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аударған жөн, жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде анық көрінеді.

    Қазақстанда қандай банкноттар жиі қолдан жасалатыны хабарланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.