jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Еуразиялық банк ұлттық шкала бойынша рейтингін неліктен қайтарып алды

    Банк
    Фото: Eurasian Bank

    Еуразиялық банктің өтінімі бойынша Moody’s Investors Service (“Moody’s”) халықаралық рейтинг агенттігі Еуразиялық банктің ұлттық шкала бойынша рейтингтерін кері қайтарып алды.

    "Бұл тек техникалық шешім. Ұлттық шкала бойынша рейтинг қазір нарықта пайдаланылмайды. Инвесторлар, реттеуші, кредиторлар, пайдаланушылар рейтингтің халықаралық көрсеткіштеріне ғана сүйенеді.

    Сондықтан банк ұлттық шкала бойынша рейтингті қайтарып алу үшін Moody’s агенттігіне жүгінді. Енді рейтинг қорытындысы бойынша жақында банктің жағдайы "тұрақты" деп жақсартылды", – деді Еуразиялық банктің қаржы директоры Наталья Дружинина.

    Баспасөз релизіне сәйкес Moody’s халықаралық рейтингі ұлттық шкаладан Банк ұстанымын барлық халықаралық ұйымдармен жаһандық тұрғыдан салыстыратындығымен ерекшеленеді, ал ұлттық рейтинг мұндай мүмкіндікті ұсынбайды.

    Бұдан бұрын 2021 жылдың қыркүйегінде Moody’s банктің халықаралық болжамын "тұрақты" деп көтерген болатын, осы агенттіктің баспасөз релизінде болжамның жақсаруы тұтынушылық кредиттер сегментіндегі қарыздардың тиімділігі мен сапалық жоғары көрсеткіштерінің арқасында банктің қаржылық орнықтылығын көрсететіні жария етілді. Шетел валютасы бойынша негізгі кредиттік В2 рейтингі өзгерген жоқ.

    Еуразиялық банк — қазақстандық банктердің ішінде активтері жөнінен 8-орында тұрған әлеуметтік-әмбебап маңызды қаржы институты. Банктің қызмет көрсету желісі бүкіл ел бойынша 17 филиал мен 114 бөлімшені қамтиды.

    *ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.68/242/40 лицензиясы

    Еуразиялық банк ұлттық шкала бойынша рейтингін неліктен қайтарып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.