jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық банк төрағасы елімізде цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілетінін айтты

    Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов президент қабылдауында
    Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов президент қабылдауында. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Кездесу барысында ол елімізде цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілетінін айтты, хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

    Кездесу барысында Ғалымжан Пірматов президентке Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қараша айларындағы ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берген.

    Ол сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияның өсу қарқыны мен оның болжамы, алтын-валюта резервтерінің жай-күйі жөнінде де баяндаған.

    Сондай-ақ Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің қабылдаған шаралары теңгелей салынған депозиттердің бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсуіне, валюта нарығын тұрақтандыруға және экономиканы кредиттеу өсімін жалғастыруға оң ықпал еткенін атап өткен.

    Бұдан бөлек Ұлттық банк төрағасы президентке цифрлық теңгені енгізу қажеттігіне қатысты жүргізілген зерттеу қорытындылары туралы баяндаған.

    Оның айтуынша, нарық қатысушылары, нақты тұтынушылар мен сауда-сервистік кәсіпорындарының қатысуымен өткен цифрлық теңге платформасын тестілеу сәтті болған. Цифрлық теңгенің енгізілуі қолма-қол ақшасыз төлемнің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз етеді және инновациялық қаржы өнімдерін жасауға мүмкіндік береді.

    Ғалымжан Пірматовтің сөзінше, цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі. Цифрлық теңгені айналымға енгізу жоспары үш кезеңнен тұрады. Осы орайда мемлекет басшысы жобаны одан әрі жүзеге асыру жөнінде міндет жүктеген.

    Сонымен қатар кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берген.

    Ұлттық банк төрағасы елімізде цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.